Сәуле КЕРЕЕВА,
білім сапасын сыртқы бағалау бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау (ОЖСБ) бiлiм беру ұйымдарына оқыту сапасына тәуелсiз мониторинг жүргізу түрлерiнiң бiрi болып табылады. Оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау рәсімі туралы айтсақ, оның әлемдік деңгейде әр мемлекеттің бiлiм беру қызметтерiнiң мақсатымен және қалыптасқан дәстүрімен айқындалатынын атап айтуға болады.
Мысалы, Ұлыбританияда жылдағы тестілеу 7,11 және 14 жастағы оқушылар арысында, соның ішінде: 7 жастағылар – оқудан, жазудан және математикадан; 14 жастағылар – тілден, математикадан және жаратылыстанудан өткізіледі.
Италияда әр екі жылда бір 2-ші, 4-ші, 6-шы, 8-ші, 12-ші және 13-ші сынып оқушыларының академиялық жетістіктерінің таңдаулы мониторингі жүргізіледі. Жапонияда жалпы білім берудің бастауыш, негiзгi орта және жоғары деңгейлі сатылары аяқталғаннан кейін жыл сайынғы жалпыұлттық тестілеу өткізіледі. Финляндияда білім беру мониторингінің негізі болып TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерінің нәтижесі қабылданады. Мұндай мониторинг АҚШ-та да бар.
Қазақстан Республикасында бұрынғы мемлекеттік аралық бақылаудың орнына 2012 жылдың сәуір айында алғашқы рет оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау тәртібі өткізілді. Негізгі орта білімнің 2012 жылғы оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау тәртібіне қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, химия пәндері енгізілді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өткен оқу жылында оқу жетiстiктерiн сырттай бағалау 49 білім ұйымында, соның ішінде 13 қалалық және 36 ауылдық мектептерде өткізілді. Қатысқан оқушылар саны – қазақ тілінде 543, орыс тілінде – 909.
Біздің облыс көлемінде оқу жетiстiктерiн сырттай бағалаудың орташа ұпайы 47,8 болған еді, бұл республикалық көрсеткіштен (51,6 ұпай) 3,8 ұпайға төмен.
Төрт пәннен барлық қатысушылардың, жалпы саны (1452 адам), тек қана 1,53%-ы 19-20 ұпай жинады.
Сондай-ақ ең төмен ұпай (0-5) және бір де тапсырманы орындамаған ОЖСБ қатысушыларының үлесі 10,14%-ды құрады.
Нәтижесінде облыс 14-ші орын алды.
ОЖСБ – 2012 қорытындыларын талдау оқушылардың оқу жетістіктерінің төмендеуінің негізгі себептерін қисынға келтіруге мүмкіндік береді.
Бұлар: объективтік себептер – мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің жеткіліксіз деңгейі, әр оқушыға оның қабілетіне қарамай жеке көзқарастың жоқтығы. Нәтижесінде жоғары санатты мұғалімдерден білім алған оқушылар үздік білім көрсетеді.
Субъективтік себептер – оқу үдерісінде оқушылардың қауырт зияткерлік еңбекке дайын еместігі, олар тарапынан оқу тәртібінің бұзушылығы. Яғни, көшіріп алып, тезірек орындап, тезірек тапсыруға тырысу. Біздің облыстың білім беру педагогикалық ұжымдарына осы мәселелерді шешу бойынша нақты жұмыс жүргізу керек.
Үстіміздегі оқу жылында ОЖСБ рәсімі 9-25 сәуір аралығында 4 кезеңде өтеді. Өткен жылғыдай ОЖСБ 4 пәннен өтеді. Міндетті пән ретінде ОЖСБ бағдарламасына қазақ тілі енгізіледі, басқа пәндер ОЖСБ өтетін күні белгілі болады. ОЖСБ-ға қатысатын мектептер әзірге белгісіз. Олар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынуы бойынша ОЖСБ-ға бірнеше күн қалғанда хабарландырылатын болады.
Мұндай шаралардың мақсаты оқушыларға дайындық кезінде психологиялық қысымды болдырмау және ОЖСБ пәндерін басқа пәндер есебінен оқытуға жол бермеу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бақылау комитеті таңдау әдістемесін әзірледі және бекітті. Оған сәйкес ОЖСБ рәсіміне республикалық мектеп-интернаттар, ұйғыр, өзбек, тәжік тілінде оқытатын мектептер, ҚР Спорт бойынша агенттігінің спорт мектептері, ҚР ДМ санаторлық мектептері, ТЕМ жанындағы мектептер, “Назарбаев Зияткерлік мектептері”, РФ мектептері, түзету, кешкі мектептер, жетім балаларға арналған мектептер және 2012 жылы ОЖСБ-дан өткен мектептер.
Бұларды шығарып тастағаннан кейін қазақ, орыс және аралас тілдерде оқытатын негізгі және орта мектептердің бірыңғай базасы қалыптастырылады.
Сонан кейін олар аймақтар бойынша (14 облыс және Астана, Алматы қалалары), типтер бойынша (жалпыбілім беретін, лицей, гимназия) және орналасқан жерлері бойынша (қала, ауыл).
Іріктеу автоматты тәсілмен өткізіледі.
ОЖСБ-ға қатысушыларға 4 пәннен 20 тапсырмадан ұсынылады. Әр оң жауап үшін 1 ұпай есептеледі. Орындау уақыты – 120 минут.
2013 жылы ОЖСБ өткізуге қатысты өзгерістер бар. Мектеп саны қысқаратын болады, егер өткен жылы облыста 1452 оқушы бар 409 қатысушы-мектеп болса, биылғы жылы 801 оқушысы бар 27 мектеп, оның 162-сі қазақ тілінде оқитын, 639 орыс тілінде оқитындар.
Үстіміздегі жылы алғаш рет ОЖСБ-ға 12 жылдық бағдарлама бойынша жұмыс істейтін эксперименттік сыныптар оқушылары қатысады. Бұлар: Петропавл қаласының №5 орта мектебі, Қызылжар ауданының №2 Бескөл орта мектебі, Есіл ауданының №3 Явленка орта мектебі. Бұдан басқа Петропавл қаласының 3 мектебі компьютерлік тестілеу әдісімен ОЖСБ өткізуге қатысады.
Барлық ОЖСБ материалдары олар бекітілген ҰБТ пункттерінде өңделінеді, бұл нәтижені шұғыл алуға мүмкіндік береді.
Алда келе жатқан ОЖСБ рәсімі облыстың жеке мектептерінің көрсетіп отырған білім беру қызметінің сапасын, мемлекеттік жалпыміндетті стандарттар көрсеткен негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын оқушылардың меңгеру деңгейін әділетті анықтауға мүмкіндік беретініне кәміл сенеміз.