«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдері туралы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

(Бесінші шақырылымның XIIІ сессиясы)  

Петропавл қ. №13/25 2013 жылғы 19 наурыз

«Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 4 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

1. Осы шешімнің қосымшасында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат қабылдаған кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

 

2. Осы шешімнің көшірмелері нормативтiк-құқықтық актілердің мемлекеттiк тiзiлiмiне тиiстi жазбалар жасау үшін Әділет департаментіне және күші жойылды деп танылып отырған шешімдер бұрын жарияланған ресми басылымдарға жолдансын.

3. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/4 «2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік орман қорында және соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешімі жойылсын.

4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың ХІІІ сессиясының төрайымы

Р. ӘБДІРАХМАНОВА.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.ЕДІРЕСОВ.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 19 наурыздағы №13/25 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің тізбесі

1. «Солтүстік Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жерүсті және жерасты су объектілерінен су алу ережелері туралы» 2010 жылғы 13 желтоқсандағы №30/7 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 қаңтарда №1767 тіркелген; 2011 жылғы 20 қаңтардағы №8 «Солтүстік Қазақстан», №8 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

2. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 6 қаңтардағы №1791 тіркелген; 2012 жылғы 14 қаңтарда №6-7 «Солтүстік Қазақстан», №6 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

3. «2012 жылға арналған жерүсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/4 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қаңтарда №1792 тіркелген; 2011 жылғы 28 қаңтардағы №13 «Солтүстік Қазақстан», №12 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

4. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 23 қаңтардағы №1/7 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 26 қаңтарда №1794 тіркелген; 2012 жылғы 31 қаңтардағы №14 «Солтүстік Қазақстан», №13 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

5. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы №2/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 14 наурызда №1795 тіркелген; 2012 жылғы 20 наурыздағы №34 «Солтүстік Қазақстан», №33 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

6. «2012 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем мөлшерлемелері туралы» 2012 жылғы 5 наурыздағы №2/5 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 наурызда №1796 тіркелген; 2012 жылғы 27 наурыздағы №36 «Солтүстік Қазақстан», №35 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

7. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 3 сәуірдегі №3/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 сәуірде №1799 тіркелген; 2012 жылғы 28 сәуірдегі №50 «Солтүстік Қазақстан», №49 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

8. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 7 мамырдағы №4/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 мамырда №802 тіркелген; 2012 жылғы 19 мамырдағы №1858 «Солтүстік Қазақстан», №57 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

9. «2012-2014 жылдарға арналған СҚО-ның облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 шілдедегі №6/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 тамызда №1812 тіркелген; 2012 жылғы 18 тамызда №98 «Солтүстік Қазақстан», №97 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

10. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №8/2 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 қарашада №1953 тіркелген; 2012 жылғы 24 қарашадағы №140 «Солтүстік Қазақстан», №140 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

11. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қарашадағы №9/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 19 желтоқсанда №2032 тіркелген; 2012 жылғы 22 желтоқсандағы №153 «Солтүстік Қазақстан», №153 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

12. «2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №11/1 шешім (Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда №2040 тіркелген; 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №156 «Солтүстік Қазақстан», №156 «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp