Мереке күндері қалалық шахмат клубында тоғызқұмалақшылар облыс чемпионатында шеберліктерін сарапқа салды.
Тайталасқа түскен алты команданың үздігі Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ойыншылары болды.
Екінші орынды Петропавлдың балалар үйінің командасы иеленді.
Үшінші жүлде облыс орталығындағы №10 мектеп тоғызқұмалақшыларына бұйырды.