«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰШАҒЫН АШТЫ АУЫЛ ЖЫЛ БАСЫНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ементай АМАНЖОЛОВ,

Келлеровка ауылының тұрғыны.

Күннің шуағы молайып, жердің тоңы жібігесін-ақ көктемнің алғашқы самалымен ырыс-береке дәулетін ала кіретін дүбірлі той, ұлық мереке – Ұлыстың ұлы күнін жылдағы дәстүр бойынша Келлеровка ауылы да атап өтті. Күннің суығына қарамастан, ауыл тұрғындары орталық алаңда өтетін мейрамға көтеріңкі көңіл күймен жиналды. Бастан-аяқ қазақ тілінде өткен Наурыз мерекесінде ауыл тұрғындары бірін-бірі құттықтап, ақ жаулықты әжелер шашу шашты. Ұлттық салт-дәстүрге сай басталған мереке барысында ауыл өнерпаздары қатысқан концерт ұйымдастырылды. Мұнымен қоса спорт ойындары өтті. Жасы да, жасамысы да арқан тартуға қатысып, гір көтерді. Бұл ойындардың жеңімпаздары марапатсыз қалмады. Шығыстың Жаңа жылы наурызкөжесіз өтпесі анық. Ауыл тұрғындарына наурызкөже мен түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. Келлеровка ауылында Наурыз мерекесін өткізуге жергілікті жердегі ұйымдардың, кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының басшылары демеушілік жасады. Осындай мерекелік шараларды ұлт-ұлысымызға бөлінбей, бірігіп тойлау ынтымағы жарасқан ауылымызда дәстүрге айналған.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp