«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАРЖАНМЕН МАҚТАНАМЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күлжан ТӨКЕНОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық

дарынды балаларға мамандандырылған

гимназия-интернаттың директоры.

Маржан Оспанова – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың химия пәнінің мұғалімі. Ол 1955 жылы Есіл ауданының Жаңалық ауылында туып-өскен. Білімі – жоғары, Петропавл педагогикалық институтын химия және биология мамандығы бойынша тамамдаған.

Дарынды балаларға зияткерлік даму талабына сай білім берудегі жетістігі үшін Білім және ғылым министрлігінің “Жаңашыл ұстаз” атағына ие. Сондай-ақ министрліктің Құрмет грамотасымен, СҚО Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталған.

 

Маржан Қабдолқызы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатта химия пәні мұғалімі ретінде 13 жылдан бері еңбек етуде. Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл. Ол оқушылардың химия пәніне деген қызығушылықтарын өзінің ізденімпаздығымен, сабақ беру әдістемелерін жетік білуімен, ұйымдастыра алу қабілетімен жандандыра алады. Әдістемелік оқу саласында тәжірибесі мол, дәріс беру барысында әріптестеріне үлгі болатын ұстаз.

Мұғалімнің пәні бойынша оқыту проблемасы: “Химия сабағында оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін арттыру”. Осы проблеманы шешуде оқушылардың танымдық ізденімпаздығын ұйымдастыру түрлерін, дәріс-семинар, сарамандық және зертханалық жұмыстарды, дәстүрлі емес сабақтарды, шығармашылық жұмыстарды жоғары деңгейде тиімді пайдалана біледі. Ұстаздың сабақтары қазіргі заманғы талапқа сай жаңа педагогикалық технологияларды және мультимедиалық қондырғы, интерактивтік тақтаны кеңінен қолдану арқылы жүргізіледі. Химия пәні тек теория ғана емес, практикалық маңызы зор пән болғандықтан, мұғалім сарамандық, зертханалық жұмыстарды бағдарламаға сай өткізіп, пәннің стандарты талаптарын орындап отырады.

Осындай ұстаз алдында дәріс алып жүрген оқушылардың да біршама жетістіктері бар. Мәдина Науқанова химия пәні бойынша облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындарға ие болды. Оның ізін басып келе жатқан Дариға Мақашеваны да айтпай кетпеуге болмайды. Келесі 2013-2014 оқу жылына 9,10,11-сыныптың алдына жан салмайтын 8 оқушысын олимпиадаға дайындау үстінде.

2010-2011 оқу жылында VІІІ Халықаралық URFODU олимпиадасында химия пәні бойынша Мереке Ерғалиев, Мәдина Науқанова, Арайна Жаманжігітова, Алтынбек Башимов, Саян Баймұқан бес “Күміс медаль” алса, Алтынбек Мұқатов, Әйгерім Игасанова, Сәрия Бүркітәлина, Баян Қайдар, Мәдина Ахмадиева І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыларды сапалы дайындағаны үшін Маржан Қабдолқызының өзі де дипломмен марапатталды.

Тәжірибелі ұстаз шәкірттерін ғылым негіздерін меңгеруге жетелеп, 13 жыл ішінде 7 ғылыми жоба жазуға жетекшілік етті. Оған дәлел: 2009-2010 оқу жылында Саян Ғаббас сегізінші халықаралық сырттай ғылыми жобалар сайысында Ресей Федерациясының энергетика министрлігінің “Құрмет” грамотасының, 2009-2010 оқу жылында Алтынбек Қопышев сегізінші халықаралық сырттай ғылыми жобалар сайысында Ресей Федерациясының энергетика министрлігінің “Құрмет” грамотасының иегерлері атанды.

Мектеп оқушыларының химия пәніне деген қызығушылықтары соншалық, жас түлектер Ұлттық бірыңғай тестілеуде химия пәнін таңдайды. Көбі – қазіргі таңда Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетінің, С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің, Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің, әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің, Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық институттың, Қарағанды қаласындағы Е.Букетов атындағы мемлекеттік университет сияқты беделді оқу орындарының студенттері, түлектері, магистранттары.

Ұстаз әрдайым ізденіс үстінде. “Бәсекеге қабілетті білім берудегі ұстаздың кәсіби біліктілігі” тақырыбында аймақтық форумда баяндама жасады. 2006 жылы Астана қаласында өткен инновациялық-педагогикалық идеялар жөніндегі IV Республикалық фестиваліне “Химия сабағында дарынды балаларды оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану әдістері” атты әдістемелік жұмысымен қатысты. 2010 жылы Астана, Көкшетау қалаларында өткізілген “Талантты педагогтен интеллектуалдық технологиялар арқылы дарынды оқушыларға” атты республикалық педагогикалық кеңеске қатысты. 2012 жылы Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының химия-биология мұғалімдерінің I съезіне Солтүстік Қазақстан облысынан делегат болып қатысты. Республикалық Тесттер орталығының мүшесі. 2010 жылы “Интеллектісі жоғары ұстаз” атағына ие болды, “Жыл мұғалімі” сайысының жеңімпазы.

Дарынды балаларға дәріс беру барысындағы оқу-әдістемелік тәжірибесімен химия пәнінің жас мұғалімдерімен бөлісу мақсатында СҚПКБА КДИ-да 2010 жылы “Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары” электрондық оқулығы, “Электролиттік диссоциация теориясы”, “V А топша элементтері” атты әдістемелік құралдары, “V А топша элементтері” атты жұмыс дәптері, 2012 жылы “VІ А топша элементтері” атты жұмыс дәптері жарық көрді. Облыстық курс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету негізінде әртүрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізеді. Жаратылыстану-математика бірлестігінің жетекшісі.

Маржан Қабдолқызы сынды ұлағаты ұстаздарымыз бен тәрбиешілеріміз дарынды ұрпақ тәрбиелеуде алдарына жан салмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp