«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОРАНДЫ КҮНДЕРІ ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАН ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақпанның 26-сы күні Уәлиханов ауданы АІІБ кезекшілік бөлімшесіне 25 ақпанда таңғы сағат 9-дар шамасында Тілеусай ауылында тұратын ерлі-зайыпты Белгібаевтар: 1972 жылы туған Жамбыл Белгібаев пен оның әйелі, 1978 жылы туған Мәдина Белгібаева қырық шақырым қашықтықтағы Мортық ауылына беталып, із-түзсіз жоғалып кеткендігі туралы ақпарат келіп түскен.

Жоғалып кеткендердің туыстарының айтуынша, олар Мәдинаның Павлодар облысы Кашыр ауданындағы анасының жерлеу рәсіміне қатысу үшін көрші ауылға дейін жаяу, әрі қарай аудан орталығы Кішкенекөлге жетіп алу үшін такси жалдамақ болған.

Ауа райының қолайсыздығы, тоқтаусыз жауған қар мен соққан дауыл іздеу жұмыстарына кедергі келтіргеніне қарамастан, жоғалған жұпты үздіксіз іздеген аудандық ІІБ қызметкерлеріне көмекке облыстық төтенше жағдайлар қызметі, жол полициясы мен жергілікті тұрғындар келген. Жоғалған азаматтарды іздеуге қарда жүретін арнайы техника да тартылды.

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде наурыздың 23-і күні Мортық ауылынан 25 шақырым жерде омбы қардың астынан ерлі-зайыптылардың мүрделері табылды.

Ерлі-зайыптылардың 4 пен 14 жас аралығындағы 4 баласы қалды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp