«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІН ТАБУҒА ТИІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар саясаты жөніндегі басқарма “Жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын ұйымдастыру-тәрбие үдерісінің және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі” тақырыбында семинар өткізді. Оған облыстағы ЖОО мен колледждер өкілдері, білім және жастар саясаты жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.  

Облыс орталығының білім ошақтарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын бір жүйеге келтіруді көздеген семинар аясында мәселе кеңінен талқыланды.

Шарада сөз алған Жастар саясаты жөніндегі басқарманың маманы Нұрсаят Сәркен өткен жылдың желтоқсанынан бастап, солтүстік аймақта орта кәсіптік білім беру мекемелерінде жастар ісі жөніндегі комитеттердің құрыла бастағанын, мұндай ұйым Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжінде де бар екендігін хабарлады. Оның айтуынша, құрамында 9 мүшесі бар комитет облыс студенттері арасында туындаған түрлі мәселелерді шешуге көмектесіп, жастарды қоғамдық шараларда белсенділік танытуға шақыр мақ.

Солтүстік Қазақстан кәсіби педагогикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы Әлия Тәшенова мұндай семинарлар облыстағы әртүрлі ұйымдардың өзара пікір бөлісіп, тәжірибе алмасуына көмектесетіндігіне сенім білдірді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp