«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДА – “ЖАЙДАРМАН” ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжарлық әзілсүйер қауымды Наурызбен құттықтау үшін Оралдан – “Назар аудар”, Аралдан – “Аралас”, Астанадан “Демеушіміз – болашақ” командасы келді. Қазақстан КВН одағының мұндай сыйын жұртшылық облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында тамашалады.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әзілдің түбін түсіріп, КВН-нің түндігін түрген бұл өнерпаздарды ел таниды. Әрқайсысының өзіндік стилі бар. Қазақстан КВН одағының жоғары лигасында өнер көрсететін бұл командалардың әрқайсысы өзіндік образымен елдің есінде қалды. Сондықтан болар, “Жайдарман жұлдыздары” арнайы жобамен ел-елді, жер-жерді аралап, гастрольдік сапарын бастап кетті. Ең алғаш болып біздің Қызылжарға келді.

 

Шараға белсене атсалысқан облыстық Тілдерді дамыту басқармасы бәйгеге Наурыз кубогын тікті. Сырттан келген үш командадан бөлек, Петропавлдың намысын қорғаған бірақ команда болды. Ол – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің “Жасstar” құрамасы. “Сәлемдесу” сайысының қорытындысы бойынша Наурыз кубогын “Назар аудар” да, “Аралас” та, тіпті, “Демеушіміз – болашақ” та алған жоқ. Жыл кубогына “Жасstar” құрамасы ие болды. “Жайдарман жұлдыздары” арттарынан өкшелеп қуып келе жатқан іні-қарындастарының жолын кеспес үшін осылай деп шешті.

Әзілкештер сахнада бар өнерін салды. Жоспар бойынша енді “Жайдарман жұлдыздары” гастрольдік сапарларымен оңтүстік жаққа аттанады.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp