«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БОЛАШАҚҚА ЖОЛ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Әлем” еріктілер орталығы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында “Болашаққа жол” акциясын өткізді.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Аталмыш ұйым жуықта ғана Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауын жүзеге асыру аясында іс-шаралар ұйымдастыру жобасын қолға алған екен. Олардың бұл бастамасына Ішкі саясат басқармасы қолдау білдіріп отыр.

Акция барысында “Қазақстан – 2050” Стратегиясы” деген жазуы бар футболка мен кепка киген еріктілер орталықта промопункт орнатты. Олар өткен-кеткендерге Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бар кітапша және сувенир ретінде жалаушалар мен салпыншақтар таратты. Сонымен қатар, ел мен Елбасыға тілектерін жазып қалдыруға болатын стенд қойылды.

Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың патриоттық рухын көтеріп, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын халыққа жеткізу.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp