«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАСТЫКТЫН САЛДАРЫНАН МЕРТ БОЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 165 өрт болып, одан 78 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 21 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның төртеуі – бала. Сегіз адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.  

Өткен аптада адамның өмірін жалмаған өрт оқиғалары орын алды.

Аққайың ауданының Тоқшын ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде таңертең өрт шығып, баспананың шатыры мен қабырғаларына зақым келтірді. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 53 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Тергеушілердің айтуынша, өрт оқиғасы ер адамның мас күйде темекі тарту салдарынан орын алған.

 

Қызылжар ауданының Соколовка мен Белое ауылдарында және облыс орталығының Амангелді тұйық көшесіндегі тұрғын үйлер отқа оранып, өрт баспаналардың шатыры мен қабырғасын, үй жиһаздарын зақымдаған. Тергеушілердің айтуынша, өрт оқиғасы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алған.

Шал ақын ауданының Сергеевка қаласындағы “Ботагөз” азық-түлік дүкенінде орын алған өртке электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды деген болжам бар. Өрттің кесірінен дүкеннің 40 шаршы метр аумағы зақымданды.

М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында “Ауди-80”, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим елді мекенінде “Volkswagen-Passat” автокөліктерінде өрт шыққан.

Мамлют ауданының Воскресеновка ауылында күлді төгуде абайсыздық танытқан 69 жастағы тұрғынның қорақопсысын өрт шалды. Үй иесі пештің күлін ішінде жанармай толы құтылар бар қораның қабырғасына төгіп отырған. Күлден қызған ол өртеніп, қорамен бірге малдың біразын өрт жалмады.

Айыртау ауданының Саумалкөл ауылының тұрғынының жарты тонна шөбі отқа оранды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру жасағы қалған бір жарым тонна шөпті оттан аман алып қалды.

Өрт пайда болған жағдайда дереу “101”, “112” нөмірі бойынша хабарласыңыздар.

СУРЕТТЕ: 53 жастағы тұрғынның өмірін қиған өрттен көрініс.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp