«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МИГРАНТ” ШАРАСЫ нәтижесінде 90 шетел азаматы жауапқа тартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығында екі күнге созылған “Мигрант” жеделалдын алу шарасы өз соңына жетті. Тәртіп сақшылары өткізген шара барысында Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзған 100-дей заң бұзушылық анықталды.  

Өзбекстан, Қырғызстан сияқты елдердің азаматтары Ресейге маусымдық жұмыстарға орналасу мақсатында біздің облыстың аумағымен өтеді. Сол себепті көші-қон полициясына артылатын міндет зор. Олар маусым басталысымен қызметтерін күшейте түсті. Бірінші күні Ресейге бет алған Өзбекстан мемлекетінің 21 азаматы тексерілді. Шетелдіктер елімізден бес тәулік ішінде шығып кетулері керектін, алайда олар белгісіз себептермен бөгеліп қалған. Сот шешімі шыққан соң заңды бұзған өзбектер бір күнге қамауға алынатын болады.

“Мигрант” жеделалдын алу шарасының қорытындысы бойынша елімізге келу ережесін сақтамаған 90 шетел азаматы жауапқа тартылды. Олардың 9-ы сот шешімімен Қазақстан аумағынан тысқары шығарылды. Ал 6 облыс тұрғыны шетел азаматтарын жұмысқа рұқсатсыз алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Солардың бірі – Тайынша ауданының тұрғыны осындай заң бұзушылыққа барғаны үшін 90 мың теңге шамасында айыппұл төлеуі мүмкін.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp