«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІ КҮЙГЕНГЕ – ЖАҢА БАСПАНА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Амандық ЖАНТЕМІРОВ,

“Қызылжар” мешітінің

баспасөз хатшысы.

Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Зурәш Қазыкееваның бір жылдың ішінде екі рет қара жамылуына тура келді. Алдымен – Құдай қосқан қосағы, артынан – келіні бақилық болды. Құдайдың басқа салғанына көніп, Бескөл ауылында жұрт қатарлы күн көріп жатыр еді. Түн ортасында өрт шалған үйінен төсекте жатқан киімдерімен ғана сыртқа шығып үлгерген шеше мен бала енді баспанасыз қалды. Үймен бірге түгел дүниелері, құжаттары күйіп кетті. “Басқа түскен баспақшыл” дегендей, мұны Алланың сынағы деп түсінген қарт ұстаз бұған мойыған жоқ, жұртының далада қалдырмайтынына сенді.

Осы жағдайдан кейін Қызылжар аудандық мәслихатының төрайымы Айжан Молдахметова бастап, аудандық мешіттің бас имамы Мұрат қажы Әміржанов қостап, баспанасыз қалған қарт ұстазға Бәйтерек ауылынан оралмандарға арналып жаңа салынған үйлердің бірін алып беруге көмектесті. Содан кейін кәсіпорындар мен мекемелерден, кәсіпкерлерден қаржы жинап, үйге жиһаз, ыдыс-аяқ, өздеріне киім-кешек, азық-түлік сатып әперді. Оған кәсіпкерлер – Сермұханбет қажы Ахмутдинов, Серік Тортуманов, Мәдина Омарова, Петропавлдағы медицина колледжінің директоры Сәуле Қапышева және басқалары қаржылай көмек көрсетті. Ауданның бас имамы зейнеткер ұстазға азық-түлік апарып беріп, Құран сыйлады. Қарт ұстаз Зурәш Қазыкеева бастарына қиыншылық түскенде көрсеткен көмектері үшін аудан басшылығына, мешіт қызметкерлеріне және кәсіпкерлерге аналық алғысын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp