«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

10 ИНТЕРНЕТ-КАЗИНО ӘШКЕРЕЛЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы қаржы полициясы департаменті “Территория Интернета” интерактивтік клубында Онлайн-казино қызметін көрсетіп келген жеке кәсіпкерге қатысты 11 қылмыстық іс қозғады. Кәсіпкерден 125 жүйелік блок, 430 мың теңге тәркіленді.  

Айыпталушының ісі сотқа жіберілгенімен, ол заңсыз ойын бизнесін тоқтатпаған.

Наурыздың 19-ы күні қаржы полицейлері өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде 10 Интернет-казино қызметінің жолы кесілген. Көптеген жүйелік блоктар мен қаржы тәркіленді.

Сондай-ақ, қаржы полицейлері қаңтардың 25-і күні жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында астыртын казино ұйымдастырған кәсіпкердің заңсыз ісін әшкереледі. “Азия” дәмханасын тінту барысында 2586 ойын фишкасы, 1 рулетка және 3 покер үстелі, 300 мың теңге сомасында ақша тәркіленді.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp