«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҒАСЫНЫҢ ДЕРТІ дәрігер болуына түрткі болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің” деген рас. Жаның алқымыңа қысылғанда, кеудең тарылып, шөлдегенде бір тамшы су іздегендей бар көмекті дәрігерлерден күтесің. Сол уақытта денсаулықтың қадірінен бұрын дәрігерлердің қадірін бағалай бастайсың. Ақ халатты дәрігерлер – шынында да, абзал жандар.  

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Есіл аудандық орталық ауруханасының жедел жәрдем фельдшері болып қызмет ететін Айнагүл Қасейінова – өмірінің жиырма алты жылын медицина саласына арнаған дәрігер. Есіл ауданының тумасы медициналық колледжді тамамдаған соң аудандық ауруханаға қызметке тұрады.  

– 13-14 жасымда ағам өте қатты ауырып қалды. Дерті күннен күнге асқынып, көп уақыт бойы емделе алмай жүрді. Оның үстіне ауылдық жерде дәрігер табу оңай емес. Дәрігерге қаралғың келсе, ауырып тұрсаң да, аудан орталығына, одан әрі қалаға дейін баруың керек. Бала болсам да ағамның қиналғанын көріп, уайымдап, көмектескім келетін. Сол уақыттан бастап өмірлік мамандығымды медицина саласымен байланыстыратынымды анық түсіндім. Оқуды бітірген соң ойланбастан ауылдық жерге барғандығымның себебі де сонда болар, – дейді Айнагүл Қасейінова.

“Жедел жәрдем” қызметінде фельдшер болып жұмыс істейтін Айнагүл күніне 20-дан аса шақыртуға барады екен.

– Шақыртулар тек қана аудан орталығынан түспейді. Ауылдық жерлердегі жұртшылық та хабарласып, “Жедел жәрдем” шақыртады. Түн демей, күн демей, аудан орталығынан шалғай жатқан ауылдық жерлерге дейін барып қайтатын кездеріміз болады,– дейді ол.

“Еңбегімнің жемісі – емделушілерімнің алғысы” деген Айнагүл Исабекқызы былтыр Тәуелсіздік күніне орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp