«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АВТОБУСТЫҢ” АРҚАСЫНДА 86 жол ережесін бұзушы әшкереленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста жолаушылар көліктерінің жүргізушілері арасындағы жол ережелерін бұзушылықты анықтауға және олардың қатысуымен болатын жол апаттарын болдырмауға бағытталған республикалық “Автобус” жеделалдын алу шарасы өтуде.  

Жолаушылар тасымалдаумен айналысатын бағыттық көлік нысандарының техникалық жағдайы көңіл көншітпейді. Жеделалдын алу шарасының алғашқы күнінің өзінде жолаушылар көлігінің жүргізушілері 86 мәрте жол ережесін бұзғандығы анықталды.

– Аталған іс-шара жолаушылар тасымалдау автокөліктерінде апаттық жағдайларды болдырмау және оның алдын алу мақсатында өткізілген болатын. Шара барысында 12 жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзған – 7 адам, маневр ережесін бұзған – 12 жергілікті тұрғын, қоғамдық көлікті жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескен – 16 жүргізуші, бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан, көше кесіп өткен 3 адам және техникалық ақауы бар көлікті жолға шығарған 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдар Совет.

 

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp