«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙБЕКТІҢ ТАҒЫ БІР “АЛТЫНЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жақында еліміздің бас қаласы Астанада қоян-қолтық ұрыстан Республикалық ұлан қолбасшысының кубогы үшін жарыс 11-ші мәрте өз жалауын көтерді. Қазақстанның күш құрылымдары қызметкерлері арасында өткен турнир кілең мықтылардың басын қосты. Ішкі әскер құрамасы сапында өнер көрсеткен Әскери институттың сайыпқыраны – лейтенант Айбек Қырықбай өз салмағында топ жарып, алтыннан алқа тағынды.

Руслан ЖАНГУЛИН,

Ішкі әскер Әскери институтының баспасөз хатшысы.

Қоян-қолтық ұрыстан Республикалық ұлан қолбасшысының жарысы жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы турнирге 100-ден аса спортшы қатысты. Олардың арасында Ішкі істер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Президент Күзеті қызметі, Қаржы полициясы, Шекара қызметі, Республикалық ұлан және Ішкі әскер жауынгерлері болды.

 

86 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы Айбек Қырықбай тағы да өзіне тең қарсылас жоқ екенін дәлелдеді. Алғашқы кездесуін солтүстікқазақстандық Ішкі істер министрлігінің өкілімен өткізіп, қарсыласын ұпай санымен ұтты. Айналымның келесі кезегінде Айбек Шекара қызметінің жауынгері, спорт шебері Қуат Қаратаевты айқын басымдықпен жеңді. Ақтық сында Қырықбайға қоян-қолтық ұрыстан биылғы ел біріншілігінің жеңімпазы, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Тимур Балықбаев жолықты. Президент Күзеті қызметінің жауынгері де Ішкі әскер қыранының осал тұсын таба алмады. Айбек қарсыласып 7:4 есебімен тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кету керек, бұл сынға Әскери институттың тағы бір жауынгері, сержант Исатай Мәкарамов та қатысқан болатын. Алғашқы айналымнан сүрінбей өткен ол екінші кездесуінде кейін турнир чемпионы атанған республикалық ұлан жауынгерінен ұтылып қалды.

Жеңіске жеткен Айбек Республикалық ұлан қолбасшысының медалі мен грамотасына ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp