Өскемен қаласында қол күресінен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтті. Жарысқа 320-дан астам спортшы қатысып, күш сынасты. Облыстық “Қарасай” олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебінің 8 тәрбиеленушісі өңір намысын қорғады.
Тартысты өткен жарыста ерлер арасында спорт шебері Алексей Баталов (80 кг.) жүлделі – І, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ефим Шариков (70 кг.) – ІІ, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Максим Федоренко (60 кг.) ІІІ орынға ие болса, қыздар арасында сынға түскен Виктория Фролова абсолютті салмақ дәрежесінде бірінші орынды жеңіп алды.
Осы спорт түрі бойынша қол күресі спортының дамуына өзіндік үлес қосып, майталман қол күресшілерді жарысқа даярлап, өңір абыройын асқақтатып жүрген бапкері Олег Чегодаевтың еңбегі ерекше.
(Өз тілшімізден).