Петропавлда төбелес кезінде төрт қала тұрғыны пышақ жарақатын алды. Осы факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Күдікті ретінде облыс орталығының 24 жасар тұрғыны ұсталды.
Мереке күндері “Сова” дәмханасында жастардан құралған екі топ қыдырған. Олар бір-бірімен сөзге келіп қалып, оның соңы төбелеске ұласқан.
Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде біреуі пышақ алып шығып, соның салдарынан ақыры төрт адам суық қарудан жарақат алған. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер төбелеске қатысқандарды қолға түсірді. Қазір үш адам ауруханада жатыр.
Қылмыстық іс қозғалып, төбелеске қатысқандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Күдікті тергеу оқшаулағышында отыр.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.