«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КЕЛІНШЕК КҮЙЕУЛЕРІН ӨЛТІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының Боголюбово ауылының 34 жастағы тұрғыны 28 жастағы зайыбының қолынан қаза тапты.  

Айыпталушының айтуынша, олар соңғы кездері бірге тұрмайды екен. Наурыздың 24-і күні құжаттарын алып кетуге келген келіншек жұбайымен алкогольдік ішімдік ішкен. “Жынды суға” тойып алған олар өзара жанжалдасып, ақыры бір-бірімен жаға жыртысады. Істің жұдырықпен шешілмесін білген келіншек ас бөлмедегі пышақты алып, жұбайының дәл кеуде тұсына сұғады.

Қайғылы жағдайға тікелей куә болған ұл тәртіп сақшылары мен “Жедел жәрдем” дәрігерлерінің көмегіне жүгініпті. Бірақ 34 жастағы азамат оқиға орнында тілге келместен жан тапсырған.

Дәл осындай қайғылы оқиға М.Жұмабаев ауданының орталығында да орын алды. Оқиға орнына жергілікті жедел тергеу тобы шығып, қанды кештің қалай болғанын анықтауға кіріскен. Сұрастыру барысында 43 жастағы келіншек өзімен бірге тұрып келген 39 жастағы азаматпен бірге ішімдік ішкені, кейін жанжал туып, пышақ жұмсағаны анықталды. Тергеушілердің айтуынша, ұрыс-керіс алкогольді ішімдік ішу барысында туындаған. Оқиға орнынан пышақ алынды.

Қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталғандар аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp