«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУГЕ енгізілетін өзгерістер хақында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мейрам МЕҢДІБАЕВ,

СҚО бойынша аумақтық жер инспекциясының бастығы.

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 17 сәуірдегі ауыл шаруашылығы қоры жерлерінің мақсатты пайдаланылуын түгендеу және 2012 жылғы 27 қаңтардағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін бөлуді жетілдіру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасы әзірленді.

Заң жобасында қолданыстағы Жер кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске және “Шаруа мен фермерлік шаруашылығы туралы” ҚР Заңына тиісті өзгертулер енгізу қарастырылған.

 

Нақты айтқанда:

– шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылық жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге берілген жер телімдерін өз мақсатында пайдаланбайтын жер иеленушілер мен өз ісіне іждағатсыз қарайтын жер пайдаланушылардың орталықтандырылған мәліметтер базасын жүргізу;

– тұрғын үй немесе басқа құрылыс үшін берілген жер телімдері иелерінен жер телімін алып қояр алдында ескерту институтын алып тастау;

– жер телімдерін жалға берушімен жалға алу шартын бұзу арқылы соттан тыс тәртіппен мәжбүрлеп алып қою;

– шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылық жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге жер телімдерін кезең-кезеңмен беру;

– Ауыл шаруашылығы жерлерінің ұтымсыз пайдаланылуын Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылыққа жатқызу;

– жеке тұрғын үй құрылысы үшін жекеменшік иелікке жер телімін тегін беру нормасын Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарына таратпау.

Осы түзетулерге қатысты ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық жер инспекциясына (Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 70-үй, 52-кабинет, тел.: 46-42-24, электрондық адресі: mzіsko@mail.ru) жолдауға болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp