«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАҢГЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

27 наурызда облыстық мәслихат ғимаратында өңірімізде “Қазақстан Заңгерлер одағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалын құру жөнінде конференция болып өтті.

Конференцияны облыс әкімі аппаратының басшысы Владимир Дудов ашып, өткізіліп отырған шараның маңызына тоқталды. Ол Қазақстан Заңгерлері одағының жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында, сонымен қатар 2010-2020 жылдарға арналған ҚР құқықтық саясаты тұжырымдамасында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталғандығын айта келіп, Әділет департаментінің бастығы Ернар Сейдімбековке сөз берді.

– Облыста Қазақстан Заңгерлері одағының филиалын құру бастамасын қолдауды ұсынамын. Ұйымды құру еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға және оның құқықтық мемлекет ретінде орныға түсуіне, азаматтардың еркіндігі мен құқығын қамтамасыз етуге ықпал етеді, – деді Ернар Сейдімбеков.

Жиын барысында “Судьялар одағы” РҚБ облыстық филиалының төрағасы Владимир Кириленко, СҚО прокурорының орынбасары Мұрат Ахметов, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің юриспруденция кафедрасының доценті, заң ғылымының кандидаты Гүлбахша Мұсабаева хабарлама жасады. Олар “Қазақстан Заңгерлері одағы” мемлекет мүддесін халықаралық аренада қорғауға атсалысып, құқықты менсінбеушілікке қарсы күресетінін, жұртшылықтың құқықтық сауатын арттырып, заңгерлердің өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатын көздейтінін тілге тиек етті.

Конференцияға қатысушылардың ұсынысымен “Қазақстан Заңгерлері одағы” РҚБ филиалының төрағасы болып Ернар Сейдімбеков, хатшысы болып Ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Серік Тоқтарбаев сайланды.

СҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp