«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОМСОМОЛ АРДАГЕРЛЕРІ ӘЛІ ДЕ БЕЛСЕНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Самат ЕСМАҒИ,

журналист.

Облыстық “Одақ” комсомол ардагерлері қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 10 жыл толмақ. Құрамында 140 мүшесі бар ұйымның негізгі жұмысы бала тәрбиесіне бағытталған. Яғни, мектеп оқушыларын өз елінің патриоты болып өсуге, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Осы уақыт аралығында аға буын өкілдері мектеп оқушылары үшін ұйым жарнасынан қаржы бөліп, оған екі спорт алаңын салып беріпті. Облыс әкімімен әңгіме барысында ардагерлер 10 жыл ішінде өңіріміздің өркендеуі жолында қандай істер тындырғандары жайында айтып, алдағы жоспарларымен де бөлісті.  

“Биыл комсомол ұйымының құрылғанына 95 жыл толса, біздің қоғамдық бірлестігімізге – 10 жыл. Мерейтой қарсаңында қаланың шет аудандарындағы мектептерде оқитын 250 бала үшін облыс орталығына экскурсия ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Онда оқушылар Петропавлдағы 6 кәсіпорында болып, олардың жұмыстарымен танысады. Мұражайда облыс пен қала тарихынан мол мағлұмат алып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар болмақ. Бұл ойымызды облыс әкімі құптап отыр”, – деді “Одақ” комсомол ардагерлері ҚБ төрағасы Валерий Маслов.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp