«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТПЕН ОЙНАҒАН 2 жасар бала қаза тапты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыздың 26-сы күні Шал ақын ауданы өрт сөндіру бөлімінің кезекшілік бөлімшесіне Мерген ауылында өрт шыққандығы туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру жасағы тұрғын үйдің бөлмелері көк түтінге толы екендігін көрді. Баспананың иесі иіс тиіп уланған екі жасар баласын аудандық орталық ауруханаға апарған. Алайда, бала ауруханаға жетпей көз жұмды.

Өртсөндірушілер үйдің шатыры мен үй жиһаздарын зақымдаған тілсіз жауды бір сағаттан соң ауыздықтады.

Тергеушілер қайғылы жағдай кішкентай баланың отпен ойнауынан туындаған деген болжам жасайды. Ең бірінші болып диван жанған. Бұл күні 31 жасар келіншек екі жасар баласын үйде жалғыз қалдырып, 5 жасар қызын шағын орталыққа апарған. Ал балалардың үлкені бір көше бойында тұратын әжесінде қонақта болған. Келіншек қайтар жолда аз уақытқа құрбысының үйіне соққан.

Келіншектің туыстарының айтуынша, бала отпен ойнауға әуес болған. Өткен жылдың шілде айында балалардың әкесі қайғылы жағдайда өмірден өтсе, енді, міне, үйдің кенжесінің өмірі қыршынынан қиылды.

Бұл – жыл басынан бергі бала өлімі болған 5-ші қайғылы жағдай.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp