Зоя БАЙМҰҚАНОВА,
№4 орта мектептің мұғалімі.
Қала мектептерінің арасындағы өткізілген “Мен елімді жырлаймын” фестивалінде №4 орта мектеп оқушыларының командасы бас жүлдеге ие болып, қазақстандық ұлтаралық келісім мен достықтың үлгісін дәлелдей алды. Оқушылардың ықыласы, білімінің нәтижесі – осы жүлде. Бұл – олардың туған жерін, қазақ тілі мен салт-дәстүрлерін білетіндігінің дәлелі.
Оқушылар өздері даярлаған сахналық көрініске туған жер мен тарих, Елбасының саясаты мен қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы – Астана қаласын негізгі арқау етіп алды. Фестивальға қатысқан балалардың ұлттары да әр алуан: әзірбайжан, күрд, орыс, татар, ауған.
Білім ордасында ұстаздар өз шәкірттерін жетістіктерге жетелейді. Оқушыларды осы байқауға даярлаған ұстаздар Айман Уақышева, Әсел Рамазанова, Ольга Рослова, Ирина Дроздецкая және осы жолдардың авторының еңбегі жанғанының айғағы бұл.
Петропавл қаласы.