«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жүз жылда су тасқыны жер шарындағы 9,5 млн. адамның өмірін қиды. Біздің өңірге қар суының қарқынды еруінен болатын су тасқыны тән.

Су басуы мүмкін аймақта тұратын әрбір адам келесі іс-шараларды орындауы қажет:

– БАҚ арқылы ТЖ жөніндегі жергілікті органдардың беретін ақпараттарын ұдайы тыңдап отыру және ондағы айтылған талаптарды бұлжытпай орындау;

– есік және терезелерді бекіту, тұрмыста қолданатын және бағалы заттарды жоғары қабаттарға (шатырға, үйдің төбесіне) шығару жұмыстарын жүргізу, электр құралдарын және электр өткізгіштерді судан қорғау бойынша іс-шараларды қолдану;

– су басқан аймақта автономды тіршілік ету мүмкін болған жағдайда азық-түлік және судың қажетті қорын жасау;

– жүзу құралдарын дайындау, болмаған жағдайда қолда бар материалдардан – бөшке, бөрене, тақтай, автомобиль камераларынан жасау;

– отбасының әрбір мүшесін жеке құтқару құралдарымен қамтамасыз ету шараларын қолдану.

Көшіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма алған кезде:

– тиісті киім және аяқкиім кию (резеңкеден болғаны жақсы);

– құжат, ақша, азық-түлікті және су қорын, медицина қобдишасын, бірінші кезекте қажетті бұйымдарды алу;

– суды, газды, электр қуатын өшіру, пешті сөндіру, тезірек қауіпсіз жерге өту қажет.

Егер зілзала ауданынан шығып үлгермесеңіз, жоғары қабатқа, шатырға, биіктеу жерге шығуға тырысыңыз және су деңгейі түскенге дейін немесе көмек келгенге дейін сол жерде болыңыз. Құтқарушылар сізді тезірек тауып алсын десеңіз, тәуліктің жарық мезгілінде биік жерге ашық түсті мата, ал түнде жарық арқылы дабыл беруге тырысыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp