«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАН – ӨМІР НӘРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық қан құю орталығы республикалық “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша 2010 жылдың ақпан айында пайдалануға берілген. Оның құрылысына бөлінген қаражат та аз емес, 1,1 миллиард теңгені құрайды.  

Бүгінде облыстық қан құю орталығында заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтар бар. Донор қанының қауіпсіздігін сақтау үшін АҚШ-та, Швейцарияда шығарылған медициналық аппаратуралар қолданылады. Оның көмегімен қан арқылы жұғатын АҚҚТҚ, В,С гепатиті және жыныс қатынастары арқылы жұғатын мерез, соз секілді жұқпалы аурулар анықталады. “Соваs” аппараты да тиімділігі жағынан теңдесі жоқ. Қан құрамының қандай екені осы аппаратурамен анықталады.

 

– Орталықта 3 бірдей зертхана жұмыс істейді. Олар – трансфузиялық-ақпараттық зертхана, қанды тестілеу және бактериологиялық зертхана. Осыларда әр кез мұқият атқарылатын істер біздің негізгі жұмысымызға өлшем болады деуіміз керек. Жалпы алғанда бұрынғыдай емес, соңғы жылдары бізге келетін қан тапсырушылардың саны еселеп артып келе жатқандығы қуантады. Кейде бір күннің өзінде 150-200 адам қан тапсырады, – дейді бөлімше меңгерушісі, білікті маман Роза Жетпісова.

Облыстық қан орталығы өткен жылы қан және оның компоненттерін дайындау жөніндегі алдын ала бекітілген жоспарды абыроймен орындаған. Ол 10000 донация, яғни 7100 литр болып белгіленсе, қол жеткен көрсеткіш – 10681 донация. Жоспар 106,8 пайызға орындалған. Бұл – 2010 жылмен салыстырғанда 47 пайызға артық деген сөз. Тапсырылған қан көлемін литрлеп алатын болсақ, ол 7618-ге жеткен. 2010 жылы тапсырылған қан көлемі 4829 литрден аспаған. Мұның өзі қан тапсырушылардың саны 67 пайызға артқанын көрсетеді.

Облыстық қан құю орталығында құрылған бригада облыстық Денсаулық сақтау басқармасының арнайы тапсырмасы бойынша жинақталған қан дайындау үшін аудан орталықтарына жүйелі түрде жолға шығып тұрады. 2012 жылы аталған бригада облыс бойынша осы мақсатта 20 рет іссапарға шығып, 1203 адам ізгілік танытып, қан тапсырған. Орталық өздерінің тараптарынан адамдардың қан тапсыруы үшін түрлі мекемелерге және оқу орындарына хат жолдай алады. Мұндай игілікті жұмыс та оң нәтижесін беруде. Осыған байланысты қан тапсырушылардың саны біршама арта түскен. Сөйтіп 1560 адамға жеткен.

Суреттерді түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp