«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

25-26 наурыз аралығында облыста 4 қар кептелісі оқиғасы орын алып, 40-тан астам жолаушысы бар 20 автокөлік қар құрсауынан құтқарылды.

Аққайың ауданының “Полтавка – Смирново” автожолында 10 жеңіл автокөлік, “КамАЗ” бен автобус қар құрсауында қалды. Жүргізушілерге көмекке келген ауданның өрт сөндіру қызметкерлері мен ауыл әкімдіктері қажетті техниканы жұмылдырып, жолаушыларды қар құрсауынан құтқарған.

Дәл осындай жағдай Жамбыл, Қызылжар аудандарының “Мамлютка – Қостанай” және “Шаховское – Петропавл” тас жолдарының учаскелерінде орын алды.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, барлық “темір тұлпарларды” қардан аршып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін ТЖД-нің күштері мен құралдары, аймақтың жедел әрекет ету құрылымдары жұмылдырылды.

Облыстық төтенше жағдай жөніндегі департамент жолаушыларды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты төтенше жағдайды тудырмас үшін қажет болмаған жағдайда елді мекеннің аумағынан шықпауға шақырады. Сақ болуға кеңес беріп, оқыс оқиға бола қалған жағдайда “101”, “112” телефондарына қоңырау шалу қажет екендігін ескертеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp