«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қаһармандыққа толы соғыс жылдарының күндері жыл өткен сайын алыстап барады, алайда халықтың ұлы ерлігін және оның бүкіл адамзаттың тағдыры үшін тарихи маңызын уақыт олқы ете алмайды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы фашизмді тізе бүктірген Жеңістен бізді 68 жыл бөліп тұр. Жерлестеріміз өз перзенттерінің, немерелері мен шөберелерінің бақытты болашағы жолындағы кескілескен шайқастарда ересен табандылық пен ерлік көрсетті.

Біз жерлестеріміздің ерлігіне басымызды иіп, өздерінің ғұмыры мен денсаулығын құрбан қыла отырып, біздің және балаларымыздың болашағын қамтамасыз еткендерге қамқорлық танытып, Сіздерді 2013 жылғы 13 сәуірде өткізілетін облыстық қайырымдылық сенбілігіне белсене қатысуға шақырамыз. Сенбіліктен түскен қаржыны қайырымдылық шараларын өткізуге және соғыс ардагерлерін қолдауға жұмсауды ұсынамыз.

 

Ұйымдардың, ведомстволардың және меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың ұжымдарын, оқушылар мен студенттерді, облыстың әрбір тұрғынын ұсынысымызды қолдауға және сенбілік күні көшелер мен аулаларды тазартуға шығуға, соғыс және еңбек ардагерлерінің, жалғызбасты мүгедектердің баспаналарын жөндеуге көмек көрсетуге, ортақ үйімізді, тұрғын өлкемізді түлетуге қолдан келерлік үлес қосуға шақырамыз.

Осы сенбілік сан алуан ұлттардың адамдарын, барлық ұрпақтардың өкілдерін, өмірімізді материалдық және рухани жағынан байыта түсуге ұмтылатындардың баршасын біріктіретін акцияға айналсын!

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары! Қайырымдылық сенбіліктің нәтижелілігі көбіне-көп Сіздердің жеке белсенді ұстанымдарыңызға байланысты!

Қайырымдылық сенбілігіне әзірлік және

оны өткізу жөніндегі штаб.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp