Облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Көктем әуендері” көрмесі ұйымдастырылды.
Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
Көрменің авторы Галина Надеина – кәсіби суретші. Өнер иесі Қостанай облысының Рудный қаласының тумасы. Батик, графика жанрларында қалам тербейтін ол 1990 жылдан бері Рудный қаласының балалар көркемөнер мектебінде оқытушы болып қызмет етіп келеді.
Қостанайлық қылқалам шебері қызылжарлықтарға өзінің соңғы жұмыстарын ұсынып отыр. Көбінесе Шығыс тақырыптарында қалам тербейтін суретші өнерсүйер қауымға 35 жұмысын әкеліпті. “Махаббат дәні”, “Өткір көз”, “Бақыт құсы”, “Жібек жолы”, “Жаздың тынысында”, “Күз байлығы”, “Оралу” деп аталған суреттері ерекше көзге түседі.
Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Галина Надеина көрменің ашылу салтанатына өзі қатысып, жиналғандарға шеберлік сыныптарын да өткізіп үлгерді.
Суретті түсірген
Вадим МУДАРИСОВ.