«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫСТА БАЛЫҚ АУЛАҒАН ҚАНДАЙ ҚЫЗЫҚ?!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют ауданының Сливное көлінде мемлекеттік қызметшілер арасында қысқы балық аулау спорты түрінен облыс біріншілігі өткізілді. Жарысқа атқарушы және аумақтық органдардың 30 қызметкері қатысты.  

Сайыс шартына сәйкес қатысушылар 3 адамнан командаларға бөлініп, әрқайсысына қармақ берілді. Балықшылар үш сағатқа жуық уақыт бойы балық аулаудың түрлі тәсілін қолданды. Алдын ала бекітілген әділқазылар балық аулау барысын қадағалап жүрді.

Сайысқа берілген уақыт аяқталған соң әр команданың ауланған балықтары саналып, осы арқылы жеңімпаз командалар жарияланды.

Жарыстың төрешісі Николай Трошихиннің айтуынша, сайыс ережесі қаншалықты қатал болғанымен, қармақты қандай тереңдікке салуды біріншілікке қатысушы тәжірибесі мен сезгіштігіне сүйеніп, өзі шешті. Бұл жердегі мұздың қалыңдығы 50 сантиметрге дейін жетеді екен. Әрі әр сайыскер сайыс ережесіне сай бөлінген уақытта 5-10 ойық ойып үлгерген. Бұл өз кезегінде жылдың аталмыш мезгілінде балықтарға аса қажетті оттегін жеткізуге сеп.

Марапаттаудың салтанатты рәсімінде үздіктер аталып өтілді. Командалық есепте 830 гр. балық аулаған облыстық салық басқармасы І орынды жеңіп алды. Ал облыстық кеден басқармасының құрамасы (620 гр.) және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (280 гр.) ІІ және ІІІ орындарды еншіледі.

Жекелей есепте жалпы 641 грамм балық ұстаған облыстық салық басқармасының кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы Валерий Судаков жеңімпаз атанып, оған сайыс ұйымдастырушылары швециялық балық бұрғысын тарту етті.

Жеңімпаздар кубоктармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp