«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ӘДІСТЕМЕ БОЙЫНША

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлмайра ЕСХОЖИНА,

тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің эксперименттік

алаң бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Петропавлдағы тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектепте эксперименттік алаңның мұғалімдері “Жеңілдетілген әдістеме – оқушыларды мемлекеттік тілге оқыту жетістіктерінің басты факторы” деген тақырыпта қалалық семинар өткізді. Оған директордың мемлекеттік тіл жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістеме бірлестіктерінің жетекшілері және қазақ мектептерінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың теориялық бөлімінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Зухра Ауғанбаева жиналғандарды үш жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан эксперименттік алаңның ашылу мақсатымен таныстырды. Ол өткен оқу жылында қаланың тәжірибелі ұстаздары мен тіл мәселесімен айналысып жүрген СҚМУ оқытушылары ғылыми түрде анықтама беріп, тағы 3 жыл мерзімге экспериментті жалғастырғанын айтты. Эксперименттік алаң бойынша директордың орынбасары Дулат Әуелбеков “Орыстілді мектепте қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту” тақырыбында баяндама жасап, эксперименттік алаң мұғалімдері мен педагог-аудармашылардың жеткен жетістіктеріне тоқталды.

Жиналғандар мен эксперименттік алаңның мұғалімдері осы мәселе бойынша атқарып жатқан өз тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Самал Асайынова 7-сыныпта – “Сырдария” және Анар Сыздықова 5-сыныпта “Ұлттық ойындар” тақырыптары бойынша өткізген сабақтарында оқушыларды топтық жұмыс арқылы тақырыпты талқылауға тарта және өз ойларын жеткізуге дағдыландыра отырып, баланы шығармашылық бағытта жан-жақты дамытуға және оның тұлғалық қасиетін ашуға көп көңіл бөлді. Дана Жахинаның 3-сыныптағы “Етістікті қайталау” сабағы оқушыларды ойната отырып, ойлау қабілетін арттыруға бағытталған жаңа технологияға құрылды. Майра Жүсіпова 2-сыныпта “Талғат” тақырыбы бойынша әдебиеттік оқу сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылардың мәтінмен жұмыс істеуіне, сыни тұрғыдан ойлау, талдау, дәлелдеу, баяндау дағдыларын дамытуға көп көңіл аударылды. Сонымен бірге Дулат Әуелбековтің география пәнінен 6-сыныпта “Өзендер” тақырыбына дайындаған сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ оқушылардың еркін сөйлеуімен, тақырыпты өз беттерімен ашуымен, өз білімдерін көрсете білуімен ерекшеленді. Надежда Подлужная “Изменение глаголов по числам” сабағында жаңа инновациялық технологияларды қолданды.

6-сыныптағы “Елім менің” атты думанды сайыстың мақсаты қазақ елі мен жерін, тарихын тануға арналды. Сайыс барысында екі топтың ойыншыларына тарих, қазақ тілі, әдебиет, география пәндерінен әртүрлі қызықты тапсырмалар берілді. Оқушылардың отансүйгіш сезімдерін оятатын “Сарыарқа”, “Саржайлау”, “Жаса, Қазақстан!” және т.б. әндері музыка пәнінің мұғалімі Алма Сүйіндікованың баянда сүйемелдеуімен орындалды.

Педагог-аудармашы Ботагөз Жәкенова жеке сабақта оқушылардың математика және қазақ тілі пәндерінен үй тапсырмаларын орындаудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Қорытынды бөлімде мектептің музыкалық жетекшісі Алма Сүйіндікованың басқаруымен ұйымдастырылған шағын концертті тамашаладық. Домбырада ойнаған орыс балаларының күйлері, шырқаған әсем әндері, мың бұралған бишілеріміздің билері көрермендердің көңілінен шықты.

Семинарға жиналғандар өткізілген шараларға жоғары баға берді.

Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp