«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕЛІМНІҢ ТАҒДЫРЫ — МЕНІҢ ТАҒДЫРЫМ” форумы басталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында “Елімнің тағдыры – менің тағдырым” атты форумы бастау алды. Ел азаматтарының жетістіктерін көрсетуді мақсат тұтқан шараны алғашқылардың бірі болып Аққайың ауданы ұйымдастырды. Осыған орай Трудовое ауылында жастар форумы өтті.  

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ,

журналист.

“Еліміздің болашағы мен тағдыры әрбір қазақстандықтың тағдыры мен келешегі екенін әр азамат біледі. Талап, жауапкершілік, алға деген ұмтылыс – осының бәрі Отанымыздың гүлденуіне апаратын жол”, – дейді аққайыңдықтар.

Жастардың алдында елге еңбегі сіңіп, ауыл үшін маңдай терін төккен жандар сөз сөйледі. Олар өскелең ұрпаққа Қазақстанның патриоты болып қана қоймай, ел болашағы үшін тынбай еңбектеніп, жарқын өмір сүруге тырысуға шақырды. Бас қосу соңында құрметті қонақтарды марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, өңірлік форумдар екі кезеңде өтеді. Алғашқысы аудандар көлемінде, екіншісі облыс деңгейінде болады. Ал республикалық жиын Астана күні қарсаңында ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp