«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің редакциясына хабарласқан Елубай Құсайынов деген азамат Уәлиханов ауданында жол қардан тазаланбайды деп шағымданған болатын. Осы орайда мәселенің аныққанығын білу үшін Уәлиханов ауданының әкімі Серікбай Тұралиновтың атына хат жолдаған болатынбыз. Жуырда аудан әкімінің орынбасары Ермек Махатовтан төмендегідей жауап келді:

“2012-2013 жылдардың қысқы маусымында боранның, бұрқасынның жиі болғандығынан және қардың өте көп жауғандығынан, аудан аумағындағы автомобиль жолдарының барлық жүйесін әрдайым тазарту мүмкін болмады. Мұның салдарынан автомобиль жолдарын күртік қар басты. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап ауданның елді мекендері арасында қатынас қырдағы жолдар арқылы жүзеге асты.

Қазіргі таңда “Петропавл жолдары” ЖШС-і автомобиль жолдарын күртік қардан тазарту жөнінде жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан “Қызылту Нан” агрофирмасы, “Қызылту астық”, “Нефрит Қызылту” сияқты серіктестіктер аталмыш жұмысқа тартылды”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp