Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.
“Дельфин” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік қызметшілер арасында суда жүзуден жарыс өтті.
Су спорты түрлері федерациясы мен облыстық кәсіподақтар кеңесі ұйымдастырған жарысқа 3 құрама қатысты.
Жарыс бағдарламасына сай әйелдер – 25 метр, ерлер 50 метр қашықтықта сынға түсті. Сондай-ақ 4х25 эстафетасы өткізілді.
Бәсекелі доданың қорытындысы бойынша облыстық қаржы басқармасының жұлдызы жанды. Қаржыгер-жүзушілер алдарына жан салмай, жалпы-командалық есепте тұғырдың биігіне көтерілді. Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының командасы екінші орынға тұрақтады. Ал облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы үшінші орынды иеленді.