«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУДЫ ТЫҒЫП ҰСТАҒАНДАР қатаң жазаға тартылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қару” жедел-алдын алу шарасы барысында полицейлер заңсыз қару сақтаудың 15 фактісін әшкереледі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мамандары түскен ақпарат бойынша тексеріс шарасын жүргізу нәтижесінде Уәлиханов ауданындағы Телжан ауылының тұрғынынан шолақ мылтықты тәркіледі. 42 жастағы ер адамның айтуынша, өткен жылы күзде қосауыз мылтықты ауыл маңынан тауып алған. Ал оның ұңғысын өзі кесіпті. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ заңсыз қару сақтау оқиғасы Тимирязев ауылында да тіркелді. Аталмыш елді мекеннің тұрғынынан қосауыз шолақ мылтық табылды. Ал шараның бірінші күні Петропавл қаласының тұрғынынан қолдан жасалған қару тәркіленген еді.

Барлығы екі күн ішінде өңірлік полицейлер заңсыз қолданыста жүрген 18 қаруды тәркіледі. Оның 15-і – заңсыз сақталған аңшы мылтығы және 1 электрошокер.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp