«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС БАПКЕРДІ ЕСКЕ АЛҒАН ардагерлер жастарға үлгі көрсетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Виктор БОНДАРЕНКО,

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры.

“Жеңіс” спорт кешенінде оның директоры Виктор Лавриктің ұйымдастыруымен жарыс өткізіліп, оған қатысқан балғын футболшылар ардагерлердің ақ батасын алды.  

Осы сайыста қос жаттықтырушы Георгий Поротиков пен Николай Старухин туралы жылы лебіздерге толы әңгімелер жеткіншектердің жүректеріне жол тапты деген ойдамын. Бұл ойындарға “УЕФА төрешісі” лауазымы бар Александр Гаузердің төрелік еткенінің өзі неге тұрады? Спорт кешеніндегі балалардың шағын футбол жекпе-жектерінде белгілі бапкер Виктор Стуковтың шәкірттерінің жұлдызы жарқырады.

Мұндай жарыстар шау тартса да, қатардан қалғылары келмейтін ардагерлердің де жүректеріне шоқ тастайтыны анық. Виктор Воротынцев, Марат Бектеміров, Виктор Сафронов, Николай Баранов, Алексей Добровольский, Владимир Комиссаров сынды, бұрынғы қаламыз бен облысымызға белгілі футболшылар мен басқа да футбол ардагерлері жас жігерді қайта лаулатып, шағын алаңның шаңын қақты. Оларға қарсы тұрған Юрий Ушаков, Геннадий Матягин, Виктор Дручинин, Николай Саплодинов, Виктор Потякин ойнаған ардагерлердің қатарында мен де алаңға шықтым.  

Қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің өмірден озған қос бапкерді еске алу ниетін құптап, демеушілік көрсеткен Александр Кистеневке, Андрей Кожухарьға және ең бастысы, өңірлік шағын футбол федерациясының президенті, Ұлттық банктің облыстық филиалының директоры Жомарт Қажырахымовқа ардагерлер ризашылық білдірді.

Жеткіншектер мен ардагерлерді марапаттап, ауыспалы жүлдені тапсырған облыстық шағын футбол федерациясының бас хатшысы Төлеген Көшербаев және “Авангард” ардагерлер клубының президенті Виктор Малинко алдағы уақытта осы турнирді қалалық спорт ойындарының күнтізбесіне енгізу қажеттігі туралы ойларын ортаға салды.

СУРЕТТЕ: жарыстан көрініс.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp