«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕРТАПҚЫШТАРҒА – ӨРІС КЕҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл сайынғы “Шапағат – 2013” республикалық конкурсының басталуына орай Петропавлда “дөңгелек үстел” өткізілді.

Амангелді РАМАЗАНОВ,

облыстық әділет департаментінің бас маманы.

Байқаудың мақсаты – зияткерлік меншік саласының маңызын арттыру, сіңірген еңбегі мен еліміздің инновациялық дамуына қосқан үлесі арқылы өнертапқыштардың имиджін көтеру және оған инвестиция тарту, өнертапқыштар мен олардың өнер-табыстарын көпшілікке таныту.

Бұл бәсеке Әділет министрлігіне қарасты зияткерлік меншік құқығы комитеті мен ұлттық зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен осымен 10-шы рет өткізілгелі отыр. Байқаудың жеңімпаздары “Жылдың ең үздік өнертабысы”, “Өнертапқыш әйел”, “Ең жас өнертапқыш”, “Ең белсенді өнертапқыш” және “Жас талант” аталымдары бойынша марапатталады.

“Дөңгелек үстелдің” барысында “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалының директоры Ирина Суворова қатысушыларды “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау жайында құлақтандырды.

Осы орайда бағдарлама аясында жаңадан бастаған жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар беру мәселесі қатысушылардың қызығушылығын оятты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp