«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ТҰЛҒА”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ләззат ЕРҒОЖИНА,

қалалық №2 кітапхана меңгерушісі.

Биыл Қожаберген жырау Толыбайұлының туғанына – 350, оның атақты “Елім-ай” жыр-дастанының жарық көргеніне 290 жыл толмақ. Жамбыл ауданында дүниеге келген атақты жыраудың өмірі мен ерлік жолдарына толығырақ тоқталып, осы уақытқа дейін тек жыраулығымен ғана аты аталып келген бабамыздың басқа да қырларын ашып айтуды, “Қожаберген кім, оның Отан тарихындағы орны қандай?” деген сауалдарға жауап беру мақсатымен қалалық №2 кітапхана Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен “Ел тарихындағы ұлы тұлға” атты әдеби-тарихи сабақ өткізді.

 

“Қожаберген және Тәуке хан”, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “Ел тарихын ұмыттырмаған жыр” атты үш бөлімнен тұратын іс-шараның бірінші бөлімінде Қожабергеннің Жеті Жарғыны жазысқаны тарихи дәйектемелермен дәлелденді. Жеті Жарғыны Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Әз Тәукенің бас биі Майлы би секілді ел билеудің, билік айтудың даңғыл жолынан өткен, сайын сахараның сол замандағы тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық әлеуметтік жағдайын жетік білетін, сұңғыла, білімдар билер жазған. Солардың құрамында Әз Тәукенің тапсырмасын орындап, “Жеті Жарғыны” ақ былғарыға жазып, ханға табыс еткен Қожаберген бабамыз да бар. Бұл жайлы Қожаберген жыраудың “Жеті Жарғы” өлеңі, Көтеш ақын Райұлының дастанынан, жырау бабаның өзі жазып қалдырған өлеңінен үзінділер оқылды.

Қожаберген жырау – 1723 жылғы “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атанған ірі апатты өз басынан өткеріп, көзімен көрген, қырғынның жуан ортасында болған қарт баһадүр. Іс-шараның екінші бөлімінде қазақ тарихындағы сол қасіретті жылдарға шолу жасалды.

Шындықты айтып шырылдап, шыңырауда қалған Қожаберген бабаның ел тарихындағы алар орны мен тәуелсіздікті қан майданда қарсы тұрып қорғаған ерлігін және ел тарихын баян еткен “Елім-ай” жырын туған халқына паш етіп, әйгілеп, әспеттеу – келер ұрпақтың міндеті. Қожаберген бабамыздың халқымен қауышар сәті туды.

Петропавл қаласы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp