2013 жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 67959 теңгені құрап, 2012 жылғы ақпан айымен салыс-тырғанда 0,6%-ға өсті.
Облыс аудандары ішінде салыстырмалы түрде жоғары жалақы Шал ақын (60664 теңге) және Ғабит Мүсірепов атындағы (60764 теңге) аудандарға тиесілі. Қызылжар (59744 теңге), Мамлют (58488 теңге) аудандарында өзгелерден төмен.
Ауыл, орман және балық шаруашылығында салыстырмалы түрде жоғары еңбекақы – Қызылжар (51346 теңге), Уәлиханов аудандарының (44324 теңге) жұмыскерлерінде. Өнеркәсіпте жоғары еңбекақы Есіл (73345 теңге), Шал ақын (73315 теңге) аудандарында.
Солтүстік өңірдегі облыстар бойынша 2013 жылғы ақпан айында еңбекақы төмендегідей болды: Ақмолада – 72019 теңге, Қостанайда – 74213, Павлодарда – 82808 теңге, қаңтар-ақпан айларында 72054 теңге, 74306 және 84121 теңге сәйкесінше.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым