«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.04.2013

“А” КОРПУСЫНА ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Кеше облыстық әкімдіктің кіші залында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша бейнеконференция өтті.   Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”.   Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген баспасөз мәслихатына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары …

“А” КОРПУСЫНА ІРІКТЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ Read More »

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗОР

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға арналған өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында кәсіпкерлердің банк кредиттерінің сыйақы ставкаларын жәрдемқаржыландыру және кепілдік беру, сол сияқты өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту туралы өтінімдері талқыланды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Тимирязев ауданындағы “Керей” шаруа қожалығының жетекшісі Ғазез Шаяхметов “Ірі қара өсіру” жобасын жүзеге асырғалы …

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЗОР Read More »

Мемлекеттік мекемелер мекендеген БҰРЫНҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР БАЛАЛАРҒА ҚАЙТАРЫЛҒАНЫ ЖӨН Облыс әкімі осындай ұйғарымға келіп, тиісті тапсырма берді

Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Кеше өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыстық әкімдіктің отырысы өткізіліп, онда өңіріміздегі үш көкейкесті мәселе қаралды. Облыс әкімі әуелі аумақтық екі ведомствоның жаңадан тағайындалған басшыларын таныстырды. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрдің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы болып Павел Филиппов, Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен облыстық Экология департаментінің …

Мемлекеттік мекемелер мекендеген БҰРЫНҒЫ БАЛАБАҚШАЛАР БАЛАЛАРҒА ҚАЙТАРЫЛҒАНЫ ЖӨН Облыс әкімі осындай ұйғарымға келіп, тиісті тапсырма берді Read More »

ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕН 7 КІСІ үмітпен кіріп, сеніммен шықты

Кеше “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров жетекші партиядан қолдау іздеп келген азаматтарды қабылдап, өтініш-тілектеріне орай нақты жауап берді. Нұрсайын ШӘРІП,   “Солтүстік Қазақстан”. “Пушкин-57” ПИК төрағасы, спорт шебері Игорь Дубинец пен жаттықтырушы Александр Никитенко облыстық соттың, “Есіл” мейрамханасы мен Ғ.Мүсірепов атындағы балалар кітапханасының аумағында орналасқан көпфункциялы хоккей корты мен оның …

ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕН 7 КІСІ үмітпен кіріп, сеніммен шықты Read More »

Ел мақтаны болған Мархаба би өнерінің жұлдызы еді

Біздің аққайыңдар өлкесінде өнерімен елге танылып, халық сүйіспеншілігіне бөленген біртуар дарынды тұлғалар аз емес. Әріге бармай-ақ, жыр пайғамбары Мағжан Жұмабаевтан бастап, классик жазушыларымыз Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповті, олардың ізін басқан көркемсөз шебері Сафуан Шаймерденовті, әлемге танылған әйгілі әнші Ермек Серкебаевты, атақты ғалым Евней Букетовты және басқа асылдарымызды мақтаныш ете аламыз. Осындай өңіріміздің даңқын асырған …

Ел мақтаны болған Мархаба би өнерінің жұлдызы еді Read More »

ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗДАР

Бұдан бұрын айтылғандай, Қаржы полициясы агенттігі Елбасының заңнаманы жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, жолын кесу және жазалау жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобасын жасауда. Қаржы полициясы агенттігі төрағасының тапсырмасы бойынша ведомство аталған заң жобасын жасауға қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды олардың ұсыныстарын жинау арқылы кеңінен …

ӨЗ ҮЛЕСТЕРІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗДАР Read More »

КЕДЕНШІЛЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

Наурыздың 30-ы күні облыстық Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері сенбілікке шықты. Аумақ тазалауға бір кісідей жұмылған кеденшілер секторларға бөлініп, өздеріне бекітілген аулаларды күл-қоқыстан тазартты. Ортақ іске көтеріңкі көңіл күйімен білек сыбана кіріскендерге ауа райы да жылы шырайын танытты. Сенбілік облыстың кеден бекеттерінде де ұйымдастырылды. Сәуір мен мамыр айында тағы да сенбіліктер өткізу жоспарланып отыр. Облыстық Кедендік …

КЕДЕНШІЛЕР СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ Read More »

БЕСКӨЛДЕГІ ЖАТТЫҒУ

Юрий ГАЛЫГИН,   СҚО бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы. Қызылжар ауданының Бескөл ауылында бейбіт тұрғындарды ТЖ болған аймақтан көшіруді ұйымдастыру жұмысын пысықтау мақсатында облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзаланың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқармамен бірлесіп, оқу-жаттығу өткізді.   Шара барысында облыстық департамент мамандары табиғи және …

БЕСКӨЛДЕГІ ЖАТТЫҒУ Read More »

БІРЕУДІҢ АЖАЛЫ – ОТТАН…

Жыл басынан бері облыста 180 өрт болып, одан 80 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 25 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Сегіз адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада адамның өмірін жалмаған өрт оқиғасы орын алды. Есіл ауданының Ильинка ауылында жеке тұрғын үйдің бірінде түн ортасында өрт шығып, 26 …

БІРЕУДІҢ АЖАЛЫ – ОТТАН… Read More »

МИРОНОВТЫҚТАР МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛДЫ

Миронов ауылдық округі “Әліби-Астық” ЖШС-нің қолдауымен Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Мерекені ақ әжелер шашу шашып бастап берсе, қазақтың ұлттық киімдерін киген әр сыныптың оқушылары мен мектеп ұстаздары қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған көріністерін қойып, би билеп, ән шырқады. Ас атасы – нан-нан бастап наурызкөже, құрт, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар дастарқанға ерекше сән беріп тұрды. …

МИРОНОВТЫҚТАР МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛДЫ Read More »

ЗЕЙНЕТКЕ ЕРТЕ ШЫҒУДЫҢ ЗАҢДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ

Кемеңгер ӘМРИН, “ЗТМО” РМҚК облыстық филиалының директоры.   Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Қазақстан 1998 жылы ТМД елдерінің арасында бірінші болып, қатысушылардың арасында ортақтасусыз жинақтау қағидаттары негізінде құрылған жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізді. Бүгінгі күні Қазақстанда ынтымақтастық және де жинақтаушы зейнетақы жүйесі де әрекет етеді. Ынтымақтастық зейнетақы …

ЗЕЙНЕТКЕ ЕРТЕ ШЫҒУДЫҢ ЗАҢДЫ МҮМКІНДІКТЕРІ Read More »

КИПРДЕГІ БАНКТІК КҮЙЗЕЛІС өзге елдерді де алаңдатуда

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қазіргі әлемдік қаржы жағдайы тікелей экономикаға ғана емес, әлемдегі әлеуметтік-саяси ахуалға немесе басқа да күтпеген оқыс оқиғаларға байланысты құбылып тұрады. Ол алдымен әлемдік қор биржасындағы саудаға ықпал етіп, оның индекстік бағамын төмендетеді. Мысалы, АҚШ-тың қор индексі өткен аптаның басында Кипрдегі банктерді қайта құрылымдау жоспарынан қауіптеніп, 0,3-0,4 пайызға төмен түсті. АҚШ-тың ол …

КИПРДЕГІ БАНКТІК КҮЙЗЕЛІС өзге елдерді де алаңдатуда Read More »

“ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” мейірімділікке тәрбиелейді

Петропавл қаласындағы тәрбие және даму мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің бастауыш сынып оқушылары денсаулығында кінәрат бар алты жасар бүлдіршінге көмек қолдарын созды. Олар өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын “Мейірімді жүрек” атты қайырымдылық акциясына шығарып, одан түскен қаражатты Каринаны емдетуге берді.   Мектеп бағдарламасына енгізілген “Өзін-өзі тану” пәнінің оқушылардың мейірімді, қайырымды болып өсуіне тигізер пайдасы зор. …

“ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” мейірімділікке тәрбиелейді Read More »

“МҰРАГЕРІМІЗ” МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ

Наурыздың соңғы күндері мектебіміздің “Мұрагер” домбырашылар тобы Астана қаласында өткен республикалық “Көктем әуені” атты өнер сайысы-фестиваліне қатысып, аспаптық ансамбльдер арасында І орынға ие болды. “Хан шатыры” орталығында өткен сайысқа Теміртау, Екібастұз, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Астана қалаларынан өнерпаздар қатысты.   Құрамында 12 оқушы бар аспаптық ансамбльге мен және музыка пәні мұғалімі Жанар Ахметова жетекшілік етті. Фестивальда …

“МҰРАГЕРІМІЗ” МЫҚТЫЛЫҒЫН ТАНЫТТЫ Read More »

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ — мұғалім жеңісі

Айыртау ауданындағы Лавровка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп жүрген Жанар Құсайынова 33 жыл еңбек жолында тәрбиеші, аудармашы, хатшы болып жұмыс істеген. Өз мамандығы бойынша еңбек өтілі – 15 жыл. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген бірінші санатты мұғалім мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі …

ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІ — мұғалім жеңісі Read More »

АЛЫС ЕУРОПАДА ДА, жақын Таразда да көзге түсе білді

Петропавл қалалық классикалық гимназияның оқушылары Тараз қаласында өткен республикалық және Польшада өткен Халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен оралды.   Халықаралық жалпы пәндер негіздері олимпиадасына қалалық классикалық гимназияның оқушылары осымен үшінші жыл қатысып келеді. Бұл олимпиада кезең-кезеңмен online режімінде өтеді. Балалар өздерінің таңдаған пәндері бойынша қатысады. Әр кезеңнің тапсырмаларын оқушылар қашықтықта орындап жібереді. Соңғы қорытынды кезеңге …

АЛЫС ЕУРОПАДА ДА, жақын Таразда да көзге түсе білді Read More »

ВОЛЕЙБОЛШЫ БАЛАЛАР ДА БАҚ СЫНАСТЫ

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында волейболдан балалар лигасының көктемгі чемпионат ойындары өтті. Аталмыш жарысқа қатысқан командалар үш жас бойынша сайысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 12-13 жасар алаң иелеңдері үздік болса, 14-15 жасар солтүстікқазақстандықтарға қарсылас табылмады. Ал 16-17 жасар спортшылар арасында алматылық волейболшылар топ жарды.

ФУТБОЛ МАУСЫМЫ МӘРЕ АЛДЫ

31 наурызда, футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының биылғы маусымдағы бірінші ойыны ойналды. Маусымашар бірінші ойынында петропавлдық “Қызылжар” шымкенттік “Биік” құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

КРИСТИНАНЫҢ КҮМІСІ

Рига қаласында әйелдер күресінен халықаралық турнир өтті.   Өңір атынан шаршы алаңға шыққан жерлес спортшы Кристина Яловенко 51 кг. салмақта екінші орынды жеңіп алды.

ЖАРАЙСЫҢ, НАЗГҮЛ!

Испанияның Малага қаласында дзюдодан халықаралық турнир өтті. 70 кг. салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлес спортшы Назгүл Маратова үшінші орынды жеңіп алды.