КӨЗ БҰЛДЫРАҒАНМЕН, КӨҢІЛ ЖҮЙРІК
Кембағал жандар арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарынан облыстық жеке біріншілік өтті. Оған Айыртау, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов атындағы аудан мен Петропавл қаласынан 38 спортшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Еркебұлан Аманжолов (Петропавл), Жанел Сүгірбаева (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан) топ жарды. Ал шахмат ойыны бойынша петропавлдық Анатолий Несмеянов пен Айнагүл Ташенова үздік атанса, Владимир Павлов пен Жаныл …