«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Амандық ЖАНТЕМІРОВ,

ҚМДБ-ның СҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз хатшысы.

Мұсылман қауымы үшін қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай Ораз Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіровтің қабылдауында болып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имам және “Қызылжар” орталық мешітіне бас имам болып тағайындалған Кенжетай Дүйсенбайды таныстырды. Содан кейін “Қызылжар” орталық мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа Ислам дінінің құндылықтары жөнінде уағыз айтып, осы өңірде көп жыл дін саласында қызмет атқарған Қасымхан Абдуллаұлының өз өтініші бойынша қызметінен босатылғанын жеткізіп, оған алғысын білдірді.

Жаңа тағайындалған өкіл имам – еліміз егемендік алғалы Мысырдағы әл-Әзһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетін алғашқылардың бірі болып бітірген, білімді дін қызметкері. Кенжетай Дүйсенбай жоғары діни білім алғаннан кейін елімізде бірнеше жыл діни және мемлекеттік қызметтерде еңбек етті. 2010 жылы “Қызылжар” орталық мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған.

Наиб мүфти жаңа тағайындалған өкілге қызметінде табыс тіледі. Қасымхан қажы Абдуллаұлының бұдан былай “Қызылжар” орталық мешітінде наиб имам қызметін атқаратынын жеткізді. Соңында Серікбай Ораз жұма намазын өткізіп, аруақтарға Құран бағыштады, өңір тұрғындарына береке-бірлік тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp