«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ескерту

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Ауа температурасының көтерілуіне байланысты соңғы кездері қар жылдам ери бастады, соның нәтижесінде Петропавл қаласы аумағының ойпаң жерлеріне орналасқан тұрғын үйлер мен олардың аулалары ағын сулардан зардап шеге бастағаны байқалады.

Су тасқынының алдын алу мақсатында өз аулаларыңыз бен оған жапсарлас аумақтарды қардан шұғыл тазартуды, бірінші кезекте еріген судың қалыпты ағуын қамтамасыз ету үшін суағарлар мен жол жиектерін аршуды ұсынамыз.

Дер кезінде жүргізілген шаралар өзіңіз бен көршілеріңіздің аулаларын су басу қаупінен сақтайтындығын есте ұстаңыздар!

Су басқан аумақтарды, аулалар мен жертөлелерді судан тазартуға арналған шараларды жүргізу мәселесі бойынша Петропавл қаласы әкімдігінің бірыңғай диспетчерлік анықтама қызметіне (тел. 109) хабарласа аласыздар.

ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp