«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛ КҮЙІҢІЗДІҢ КӨТЕРІҢКІ БОЛУЫ қан қысымын төмендетеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қан қысымының артуының алдын алу қиын да емес сияқты. Норвег ғалымдары күніне 3 киви жеу қан қысымын төмендететінін анықтаған. Сондай-ақ қарақат, мүкжидек, бал, қарбыз, қызылша, сарымсақ пен пияз жеген пайдалы. Қан құрамын тазартып, заттектің алмасуын қалыпқа келтіріп, ағзадағы қажетсіз сұйықтықты шығаруға көмектеседі. Күніне ең болмағанда жоғарыда аты аталған жеміс-жидектер мен көкөністердің екеуін пайдаланыңыз. “Шаттық гормондары”(эндорфиндер) қан қысымын төмендетуде көптеген дәрі-дәрмектерден артығырақ.  

Ирина АРТЮЩИК,  

облыстық саламатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары

орталығының дәрігері.

 

Күлкі терапиясы гипертонияның алдын алуда оңтайлы тәсіл екендігі дәлелденген. Қан қысымы бастапқыда көтеріліп, кейіннен қалпына келеді. Егер де күлуге жағдайыңыз келмей жатса, тым болмаса күлімсіреуге тырысқан жөн. Жасанды жымиюдың өзі қан қысымын төмендететіні анықталған.

Дәрігер көбінесе тәттіден бас тартып, артық салмақтан арылуға кеңес етеді. Алайда, бұл шоколадқа қатысты емес. Шоколадтың қан қысымын қалыпқа түсіретіндігі дәлелденген. Ақиқатында барлық шоколад емес, тек құрамында какао мен атбас бұршағы молынан бар ащы шоколадты жеу керек. Себебі, какаоның жемісі флавоноидтерге бай. Ал флавоноидтер қан тамырларының қабырғасын нығайтып, заттектің алмасуын қамтамасыз етеді. Олар икемдірек болып, қан айналымы жақсарады. Қан қысымы төмендейді. Ең бастысы – шоколадты аздап жеген дұрыс. Германияның ғалымдары жағымды нәтиже үшін күніне қара шоколадтың екі бөлігін жеу жеткілікті екенін анықтаған.

 

Сәбіз, ақжелкен, саумалдық, қызылша және грейпфруттың шырыны қан қысымын төмендетіп қана қоймай, оның қалыпты деңгейін сақтауға көмектеседі. Шырынды қолданар алдында ғана дайындап ішкен нәтиже береді.

Классикалық музыканы тыңдаудың қан қысымын төмендетудегі тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденген. Себебі, музыка ширауға да, есін жиіп, босаңсуға да көмектеседі. Бұл орайда ағылшынның ақ халаттылары 4 ай бойы аптасына бір рет классикалық музыканы тыңдау кезінде қан қысымы түгелдей орнына келеді деген ұйғарымға келген. Әрине, бұл гипертонияның созылмалы, яғни асқынған түріне жатпайды. Десе де, музыка мен теңіз толқынының шуылын аптасына 3 рет 20 минуттан тыңдау нәтижесіз қалдырмайды.

Спортпен шамаға қарай айналысқан ләзім. Азайған әр килограмм қан қысымын 2-3 мм.-ге төмендетеді. Жаяу жүресіз бе? Әлде жүзіп, бимен айналысасыз ба? Жөні – көбірек қимылдау. Ғалымдардың зерттеулері бойынша қан қысымы жоғары адамдармен үш ай бойы аптасына екі рет футболдан жаттығу өткізу, олардың қан қысымы көрсеткіштерін төмендетіп қана қоймай, тамыр соғуының жиілігін қалыпқа келтірген.

Атқа салт мініп жүру де адам денсаулығына пайдалы. Қан таратып, жауырындағы бұлшық етті нығайтады.

Гипертонияның бастапқы кезеңдерінде моншамен емделуге болатынынан көбіміз бейхабармыз. Қан қысымымен ауыратындарға, әсіресе, саунаға түсу пайдалы. Моншаның Сіздің денсаулығыңызға зиян емес, керісінше пайда тигізетіндігінің дәлелі шомылып шыққаннан кейінгі көңіл күйіңіздің жақсаруы бола алады. 1-2 сатыдағы гипертонияға уқалаудың емдік әрі сергітетін әрекеті бары бұрыннан белгілі.

Дұрыс тыныс алу – денсаулықтың кепілі. Жүректің ұстамалы ауруы мен қан қысымының жоғарылауынан зардап шегетіндерге Бутейко әдісі бойынша тыныс алу “жедел жәрдем” бола алады. А.Стрельниковтың тыныс алу гимнастикасының сауықтыру әсері бар. Есіңізде сақтаңыз, мүштіксіз темекінің бір талының өзі қан қысымын 10-20 мм.-ге көтеретінін қаперіңізге алыңыз.

Қатты және тез сөйлеу де қан қысымын көтереді. Ақырын, тыныштау, жайырақ сөйлеңіз.

Тамақтануда Жерорта теңізінің ем-дәмін қолданыңыз. Балық, көкөніс, қызыл және сарғылт түсті жеміс-жидектерді көбірек жеп, майлы ет, тұз бен сусынды аздап пайдаланыңыз.

Түкке тұрғысыз мәселе үшін күйгелектенуді, уайымдауды қойыңыз. Өз сезіміңізді басқаруды үйреніңіз. Ашу, қорқыныш, ренжу, күйгелектену денсаулыққа үйлеспейді.

Қан қысымы жоғары науқастар өз өмірін қайта қарап, оған тиісті өзгерістер енгізген жөн. “Сиқырлы дәрі-дәрмек болмайтынын” ұмытпаған дұрыс.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp