Ләззат САЛЫҚОВА,
журналист.
“ҚазМұнайГаз өнімдері” АҚ еліміз бойынша жанар-жағармай құю стансаларының желісін кеңейтуде. Кеше облыс орталығында алғашқы “ҚазМұнайГаз” жаңа жанар-жағармай құю стансасы ашылды. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша осындай 11 жанар-жағармай құю стансасы бар.
Аталмыш ұлттық компанияның облысымыздағы өңірлік менеджері Руслан Кәрімовтің айтуынша, үстіміздегі жылы республика бойынша 140 жанар-жағармай стансасын салу жоспарланған. Бұл орайда Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына басымдық берілмек.
Тұсауы кесілген жанар-жағармай стансасының арқасында жаңа 10 жұмыс орны ашылды. Орташа еңбекақы – 50-55 мың теңге.