«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс бойынша тексеру комиссиясы 2012 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес облыстың жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын 107 объектіде бақылау жүргізді.

Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуына облыстың үш ауданында кешенді бақылаулар жүргізілді: Тимирязев, Айыртау және Шал ақын аудандарында.

Айқындалған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 12 824,6 млн. теңгені құрады, соның ішінде бюджетке түсімдер бойынша – 2 581,2 млн. теңге, мемлекет активтерін пайдаланған кезде – 185,7 млн. теңге, бюджеттік қаражаттарды жұмсаған кезде – 10 057,8 млн. теңге.

Бюджетке қалпына келтіруге жататын қаражат сомасы 168,2 млн. теңгені құрады, есепті кезеңде 82,9 млн. теңге қалпына келтірілді, оның бюджет кірісіне 17,8 млн. теңгесі аударылды. Қалпына келтірілмеген сомалардың қалдығы бойынша, оның ішінде 9 млн. теңге сомасына сотқа берілген арыздарға байланысты мерзім жеткен жоқ.

 

Құқық қорғау органдарына шешім қабылдау үшін 5 бақылау объектісінің материалдары берілді.

Қаржылық және бюджеттік тәртіпті бұзушылыққа жол бергендері үшін жауапкершілікке 101 лауазымды тұлға тартылды, соның ішінде 83-і – тәртіптік, 18-і – әкімшілік.

Жүргізілген бақылау іс-шараларын талдау жергілікті бюджетті жоспарлау және нақтылау кезінде бағдарламалар әкімшілерінің уәкілетті органдарға бюджеттік жоспарлау бойынша бюджеттік өтінімдер шығыс көлемдерінің негіздемесінсіз және сәйкес есептерінсіз ұсынғанын көрсетті.

Сондай-ақ “Солтүстік Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы” ММ Стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалау бойынша облыс бюджетінің көлемін жоспарлаған кездегі айқындалған заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 8 572,1 млн. теңге, соның ішінде: түсімдер бойынша жалпы сомасы 1 565,3 млн. теңге (салық емес түсімдерді жоспарлау, олар бойынша болжам жүзеге асырылмаған – 1 172,9 млн. теңге, болжамды көрсеткіштерді төмендету – 152,3 млн. теңге, негіздеме болмаған кезде бюджеттер аралығындағы түсімдер жоспарына түзету енгізілген – 238,9 млн. теңге).

Негіздемелік қағидатын бұзумен бюджеттік өтінімдерде жалпы сомасы 6 877,8 млн. теңгеге есептер, негіздеме, түсініктеме жазбахат жоқ, соның ішінде Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы – 1 438 млн. теңге, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 2 035,6 млн. теңге, Білім басқармасы – 2 827,8 млн. теңге, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы – 576,4 млн. теңге. Осыған ұқсас тәртіп бұзушылықтар анықталған аудандар: Айыртау – 25,4 млн. теңге, Тимирязев – 65,4 млн. теңге, Шал ақын – 119,9 млн. теңге, Петропавл қаласының ұйымдарында – 98 млн. теңге.

Білім мекемелерінде сәйкес бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ педагогика қызметкерлеріне 29 млн. теңге сомасына еңбекақы төлеу фактісі анықталды. Облыстың әлеуметтік объектілерінде жалпы сомасы 43,5 млн. теңгеге күрделі жөндеулер белгіленген тәртіпте бекітілмеген ЖСҚ бойынша жүргізілген.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жоспарланған іс-шаралардың тиімді іске асырылуы жеткіліксіз, олардың орындалуына республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде жеткілікті қаражат бөлінген. Сондай-ақ 2012 жылы Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің нәтижелілік, негіздемелік және жауапкершілік қағидаттарын бұзумен, 1 590,1 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер игерілмей қалған.

Облыс бюджетінің республикалық бюджеттен дотациялық тәуелділігін ескере отырып (ол облыс бюджетінің кіріс бөлігі жалпы көлемінің 75%-дан артығын құрайды), Тексеру комиссиясының қызметі жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің толықтыру тиімділігін бақылауға, жасырын резервтерді айқындауға, аудандардың салықтық әлеуетін талдауға бағытталған.

Жергілікті бюджетке болжамды көрсеткіштер мен көздер кесімінде жылдар бойынша түсетін түсімдер серпінінің орындалуын талдау кезінде, бюджетке салық және өзге де міндетті төлемдер түсімдерінің болжамды көрсеткіштерінің орындалуына артық төленген сомалар “оң” ықпалын тигізеді, олар есепті тоқсан аяқталғаннан кейін салық төлеушілерге өтініштері бойынша кейін қайтарылады.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақыттылығына жүргізілген тақырыптық бақылаудың нәтижесінде салық органдарында, аудандар мен Петропавл қалалық жер қатынастары бөлімдерінде, аудандардың экономика және қаржы бөлімдерінде, облыстың Сот актілерін орындау жөніндегі департаментінде, “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы” РМҚК жалпы сомасы 1 189,7 млн. теңгенің тәртіп бұзушылықтары анықталды.

Жер қатынастары бөлімдерінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақыттылығын бақылаған кезде анықталғаны: жер телімін сатып алу құнын сатып алушылардың уақтылы және толық төлемеуі; жыл сайынғы жалдау төлемақысын, жер телімінің құнын есептеген кезде ставкалар дұрыс қолданылмаған; жер телімдерін жекеменшікке ұзартылып сату төлемдерін ұсыну; жалпы сомасы 122 млн. теңге жер телімдерін жалға алу туралы 1425 шарт уақытында жасалмаған.

Анықталған заң бұзушылықтар жергілікті бюджеттерді атқарған және мемлекеттік активтерді пайдаланған кезде қаржылық тәртіптің шын мәнінде нашарлығын, жергілікті бюджет қаражаттарын пайдалануда уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, тікелей бақылау объектілері басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін, сондай-ақ бюджет қаражаттарын жұмсаған кезде лауазымды тұлғалар қолданыстағы бюджет заңнамасы нормаларын сақтамайтындығын айғақтайды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

тексеру комиссиясы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp