«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒЫЛЫМ ӨЗІНЕ ТАРТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаһандану жағдайында елдерді, халықтарды, мәдениетті біріктіретін айтулы күндердің бірі – 12 сәуір Халықаралық ғылыми қызметкерлер күні болып табылады.  

Алма МЫРЗАЛИНОВА,

М.Қозыбаев атындағы

СҚМУ-дің профессоры.

Елімізде ғылымды және ғылыми-білім беру кешенін дамыту үшін жасалып жатқан істермен әлемді таңғалдыруға болады. Білім трансферті орталықтарын құру, ғылыми жаңалықтарды коммерциялау, сонымен қатар ЖОО мен бейіндік ғылыми ұйымдардың консорциумдары, техникалық жоғары оқу орындарының негізіндегі технопарктер, ғылыми зертханалардың қызметтері, Қазақстанның индустриялық-инновациялық үдемелі дамуына қажетті жоғары білікті мамандар даярлау үшін әлеуметтік серіктестіктердің шәкіртақылар мен гранттар бөлуі, 2015 жылы Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерін ұшыруы, ғылым мен техниканың дамуына сүбелі үлес қосқан мамандар мен оқымыстыларға және талантты жас ғалымдарға мемлекеттік ғылыми шәкіртақылар алу үшін жыл сайынғы конкурстар, міне, осыған жатады.  

 

Бірақ біздің ғылымды дамытуға бағытталған әр қадамымызда адами фактор бар. Шынымен де, ғылым қиялымыздан да озып кеткен кезге жеттік. Сонымен бірге ғылым өзі үшін ымырасыз әрі адал жұмыс істеуге қабілетті адамдарға әрқашан да мұқтаж және солай бола бермек. Сондай-ақ ғылым адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі болып табылады, өйткені адалдық пен шынайылық – ғалымның кәсіби әдебінің маңызды элементтерінің бірі.

Ғылымның дамуына ықпал ететін басқа мәселе де бар, ол жобалау, зерттеушілік, өнертапқыштық идеяларды ойлап табуға, тіршілік қарекеті саласын, қоршаған ортаны, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін тәжірибелік жұмысқа әрқайсымыздың қатыстылығымызбен анықталады. Түрлі мамандық иелері пайдаланатын техниканың күрделене түсуінің және технологиялық апаттар мүмкіндіктерінің өсуіне, сонымен қатар ақпараттық қоғамның дамуына байланысты әр адамға шығармашылық ойлау, еркіндік, ашықтық және дүдәмал әрі әркелкі іспен айналысуға қабілеттілік қажеттілігіне қатаң талап қойылады. Осының барлығы ғылыми ойлау ұғымына жатады. Осындай ойлауды қалыптастыру – әрқайсымыздың ақпараттық әлемде өмір сүруімізге және жұмыс істеуімізге маңызды жағдай туғызады.

Педагогтің, ұстаздың, оқытушының ғылыми ойлауын қалыптастыру да мейлінше маңызды. Өйткені, халық пен қоғамды сақтап отырған мәдениет білім беруде көрініс табады, оның мазмұнын толықтырады, ал білім беру өз кезегінде мәдениеттің одан әрі дамуына және таратылуына жағдай жасайды. Педагогикалық зерттеушілік мәдениет педагогтің зерттеушілік мәдениетінің тұлғалық аспектісі ретінде көрініс табатын мәдениеттің ерекше тармағы болып табылады.

Педагогтің зерттеушілік мәдениетінің кемшілігі білім сапасын арттыруға негізгі кедергі келтіреді.

Бірқатар солтүстікқазақстандық мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында, әсіресе, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде шығармашылық еркіндікті және жинақталған тәжірибені технологиялық жетілдіру жағдайында педагогикалық ізденіске, зерттеушілік пен тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа зор назар аударылады, эксперименттік алаңдарды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету қолға алынып, оқу-әдістемелік құралдары мен зерттеу монографияларында нәтижелері ресімделеді.

Сонымен қатар педагогикалық ғылым саласындағы талдаушы, білімдар, идеялар ойластырушы, жүйелендіруші, экспериментші, білім берудің көшбасшысы, бір сөзбен айтқанда, ғылым жетістіктерін тәжірибеге енгізетін және осылайша өзінің педагогикалық шеберлігін саналы түрде шыңдайтын табысты маман, солтүстікқазақстандық зерттеуші-педагогтің бейнесі қалыптасады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp