«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: СУ ТАСҚЫНЫ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жанат МҰХАМБЕТОВ,

ТЖД Суда құтқару қызметі

маневрлік-іздеу тобының басшысы.

 

Көктем келісімен табиғат оянып, қар еріп, өзендер суға толады.

Көктем мезгілінде аса сақ болуыңыз қажет: балаларды бақылаусыз су айдыны жағаларында қалдырмау, мұз үстінде ойнауға жібермеу керек. Өзеннің тік жарларына жақындамаған жөн, өйткені өзеннің ағымы оларды шайып, опырылып түсуі мүмкін. Көктемде балықшылар мұз үстіне шығып, балық аулаудан бас тартуы қажет. Сонымен қатар мұз үстіне көлік құралымен шығу да қауіпті және үрмелі резеңке қайықтарды пайдалану өзіңді-өзің өлім аузына итермелеумен тең, өйткені олар су астындағы тырбиған ағаштарға немесе мұздақтарға ілегіп, жыртылып кетуі мүмкін. Көктемгі мұз өте қауіпті, бұл қыстағы мұз емес, жылудың әсерінен ол өзінің беріктігін жоғалтады. Осындай мұз үстіне шыққан адам су түбіне кетуі мүмкін.

Су айдыны маңайында тұратын тұрғындар өз жолдарын қысқартып, мұз үстімен жиі жүреді. Мәселен, былтыр 13 сәуір күні Петропавл қаласының тұрғыны Жеңіс саябағы аймағында Есіл өзенін кесіп өтерде суға түсіп кеткен, абырой болғанда өзі судан шыға алған. Ал келесі күні қалалық жағажай аймағында суға түсіп кеткен әуесқой балықшыны Суда құтқару қызметінің құтқарушылары дер кезінде құтқарып алмаса, төтенше жағдайдың құрбаны болар еді.

“ҚР ТЖМ СҚО ТЖД Суда құтқару қызметі” ММ Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарынан сақ болуларын және өз өмірлеріне қауіп төндірмеулерін сұрайды. Сонымен қатар, жоғары қауіпті су тасқыны күтіліп отырғандықтан, Суда құтқару қызметі қауіпсіздік шараларын қолдануға және су басу қаупі бар саяжайларға барудан бас тартуға назар аударады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp