«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛТЫ АДАМ АЖАЛДАН АРАШАЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 191 өрт болып, одан 84 млн. тең-геден астам материалдық шығын келді. Отта 27 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Он сегіз адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.

Өткен аптада облыс бойынша ондаған өрт оқиғалары тіркелді.

Сәуірдің 1-і күні облыс орталығының Пугачев көшесіндегі 3 қабатты тұрғын үйдің бір бөлмелі пәтерінде өрт шығып, тілсіз жау баспананың шатыры мен қабырғаларына, үй мүлкіне зақым келтірді. Оқиға орнынан 62 және 58 жастағы екі әйел мен 8 және 3 жасар балалар иіс тиіп уланған деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіру жасағы ажалдан 5 адамды құтқарып, оқиға орнынан 40 тұрғынды қауіпсіз жерге жеткізді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында екі қабатты тұрғын үйдегі 2 бөлмелі пәтерді от шарпып, нәтижесінде төсек-орын мен шкаф зақымданды.

Өртсөндірушілер Айыртау ауданы орталығының 49 жастағы тұрғынын өрттен аман алып қалды. Сондай-ақ 3 қабатты тұрғын үйдің 19 тұрғынын қауіпсіз жерге жеткізді. Тергеушілердің айтуынша, өрт оқиғасы баспана иесінің төсекте жатып, темекі тарту салдарынан орын алған. Өрт жапа шегушінің үйінде екінші рет орын алып отыр екен. Алғашқы өрт қаңтар айында болған.

Қызылжар ауданының Малое Белое ауылында таңсәріде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен жергілікті өрт жасағы баспананың қабырғалары мен шатырын жойған тілсіз жауды ауыздықтап, екінші пәтерді аман алып қалды.

Дәл осындай жағдай М.Жұмабаев ауданының Молодогвардейское елді мекенінде қайталанды. Мұнда зейнеткер үй жиһаздары мен теледидарынан айрылды. Орын алған өртке теледидардың электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды деген болжам бар.

Электр сымдарының қысқа тұйықталуынан Тайынша ауданы орталығының тұрғыны моншасынан айрылды.

Ет сүрлеу барысында Айыртау ауданының Бірлестік ауылының 75 жастағы тұрғыны қорасының төбесін өрт шалды.

Петропавл қаласының Интернационал және М.Әуезов көшелерінің қиылысында ВАЗ 2121 “Нива” автокөлігінде өрт шығып, от көлік-тің моторына зақым келтірді. Тілсіз жауды көлік жүргізушісі өз күшімен ауыздықтады.

От жағу барысында абай болып, төтенше жағдайда дереу “101”, “112” нөмірлері бойынша өртке қарсы қызметіне хабарлаған жөн.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp