«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕТТІ АРЫҚТАТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көптеген қыздар салмақ қосқанда беттері тола бастайды. Бетті арықтату үшін қандай диета ұстанып, қандай жаттығу жасау керек?

Күніне 2 литр су ішіңіз. Суды қажетті мөлшерде ішу арқылы Сіз ағзаңыздан артық улы заттарды шығарасыз. Осылайша беттің, қол-аяқтың ісінуінен сақтанасыз. Ал бұл беттің дөңгелектенуінің бірден-бір себебі.

Көкөністер мен жемістердің құрамында шырын көп. Сондай-ақ олар дәрумендерге бай. Жұмыс орныңызда тіскебасарлар тек жеміс пен көкөністер болсын. Күніне кем дегенде 1,2 мг. кальций қабылдасаңыз, арықтау үдерісі тезірек жүреді. Ол үшін күнделікті 3 стакан сүт не 800 грамм ірімшік жеу керек.

Тұзды тағамдарды сүйіп жейтін қыздардың беті ісіп, бұл тұрақты құбылысқа айналуы мүмкін. Жартылай дайын тағамдар, қуырылған картоп, тұздалған жаңғақтар, қақталған, сүрленген тағамдардан мүлдем бас тартыңыз. Жалпы тағамды аз тұздап үйреніңіз. Бұл қан қысымының тұрақтануына да пайдалы. Тек диета әсерінен арықтасаңыз, теріңіздің босап кету қаупі бар. Жаттығу арқасында тері мен бұлшық еттердің шымыр болуына септесесіз.

Ботагөз АЙТБАЕВА,

дәрігер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp